Қарт кісі жас жігіттің қалтасына бірнәрсе салып жатып “Аллаһ сенен разы болсын балам. Бұл атаңды жаңадан туғандай қуанттың. Мына кішкене ғана сыйымды қабыл алсаң одан да қатты қуантқан боласың!” деді.
Жас жігіт жасаған ісінің сияпатын көретінін әуел бастан-ақ білетін. Жол шетінде жылап отырған 4-5 жас шамасындағы баланың адасып қалғанын, жоғалғанын түсініп, қайда тұратынын сұрап білгеннен кейін такси жалдап үйіне алып келген еді. Бірақ жігіт іздеген үйін тапқанында өкініштен өңі бұзылып қоя берді. Жол бойы қиялдап келген ауласында бассейн, бағалы машина тұрған үлкен вилланың орнында ескі қирайын деп тұрған үйшік тұрады. Оның үстіне есікті атасы ашып қуаныштан немересін құшақтап кейін алғысын айтып жігіттің қалтасына бірнеше ғана тиын салған еді.
Жігіт сөз барысында баланың әке-шешесі жол апатынан қаза тапқанын біліп, бұл арада шалдың жылап тұрғанын пайдаланып қалтасын қолымен бір шолып шығады. 3-4 дана тиындар қалтасының бір бұрышын да толтырмаған еді. Үйдің жағдайына бір қарағаннан-ақ шалдың кедей тұратыны белгілі еді. Бірақ ең болмағанда таксидің қаражатын көтеретіндей сый ақы берсе болмас па еді?!
Қомақты сый ақымен шығатынын жоспарлап келген жігіттің қиялдары төңкеріліп ішінде бір от тұтана бастайды. Ойында өте сараң, шығымсыз шалға кезіккен еді және де оған міндетті түрде дәріс беруі керек еді. Қарт кісінің көзіне тік қараған бойда қалтасындағы тиындарды баланың аяқ астына лақтырып жіберіп: «Мә өзіңе кішігірім ойыншық ал! Осылайша жомарттықтың не екенін түсінерсің!» дейді.
Кішкентай бала тиындарды жинап алғанда, әлгі жігіттің көздері шарасынан шығып кетердей адырайып кетеді. Өйткені баланың кішкентай ғана алақанында 3-4 дана алтын тиындар жарқырап тұрған еді...