Қыс мезгілі келді. Күн суыды. Қаңтар айының бірінші күні басталды. Қар жапалақтап жауды. Дала аппақ көрпеге жамылды. Жанар далаға шығып қармен біраз ойнады. Қардан аққала жасады. Күнде аққаламен сөйлесіп, ойнайтын болды. Аққалаға өзінің шалмасын тағып қояды. Мұрнын сәбізден жасады. Көзін көмірден жасады. Қыс айы да аяқталуға жақын. Наурыз айы басталды. Күн жылына бастады. Жанардың аққаласы да ери бастады. Жанар сабақтан келіп, аулаға кірсе, аққаласы жоқ. Үйге жүгіріп кірді де: «Апа, менің аққалам қайда? - деді. Апасы: «Қызым сен жылама. Аққала еріп кетті. Келер жылы қайтадан жасайсың. Аққалалар қар бар кезде ғана болады. Күн жылынса, қарлар еріп кетеді. Сен ренжіме. Ол өзінің келер жылы аяз атамен бірге келетінін айтты. Аяз ата да жылына бір рет келеді ғой. Аққала да, аяз атамен, қарша қызбен бірге жүреді. Сен енді, көбелектермен бірге ойнайсың»-деп анасы Жанарды жұбатты.
Жоламанқызы Аружан
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылы
№203 орта мектебінің 3-сынып оқушысы