Баязид Бистами хазірет бір түні бірнеше шәкірттерімен бір адамның үйінде қонақ болады. Үй иесі үйдің жарық болуы үшін бір шырақ жағады. Баязид Бистами хазірет үй иесінен былай деп сұрайды:
- Мына шырақ жанып тұр бірақ жарық бермей тұр. Мұның хикметі не болды екен?
- Ұстаз, біз бұл шырақты бір түн қолдану үшін көршіден аманатқа алған едік. Сіздер қонаққа келген соң бүгін екінші түн қолданып отырмыз, бәлкім содан болар.
Баязид Бистами хазіреттері шырақты өшіріп:
- Шырақты иесіне қайтарып беріңдер. Егер оларға керек емес болса, бір түн тағы қолданып тұруға рұқсат сұраңдар! –дейді.
Үй иесі шырақты көршісіне алып барып, болғандарды айтып, шырақты тағы бір түн қолдануға рұқсат алады. Үйге келіп шырақты қайта жағады. Бұл жолы бөлме өте жақсы жарықтанады. Баязид Бистами хазірет:
- Міне енді жарықты көріп тұрмын- дейді.