Гүл

/upd/2014/0131/139116434752eb7bbb3fd0c2.18996140.jpg

  Бұл гүлді жасау үшін бізге түрлі-түсті қағаз керек болады. А4 көлемдегі қағаз аламыз және суретте көрсетілгендей 0,5 см ендікте кесіп шығамыз.

/upd/2014/0131/139116438652eb7be2060f83.53691826.jpg

Бұл қағаздың кесінділерінен шиыршық (спираль) жасау үшін тіс шұқылағышқа орап шығамыз.

/upd/2014/0131/139116447452eb7c3aeb0433.36061904.jpg

 Шиыршық (спираль) шашылып кетпеуі үшін оның ұшына клей жағып жапсырып коямыз.

/upd/2014/0131/139116449952eb7c5343d8e4.43044195.jpg

 Нәтижеде мынадай шиыршықтар болады.

/upd/2014/0131/139116451852eb7c666b76d9.58266134.jpg

   Тіс шұқылағыш арқылы бұл спиральдарды конус пішініне келтіреміз.

/upd/2014/0131/139116454252eb7c7e382be1.54531836.jpg

Бұл конустардың барлығы бірдей көлемде болуы керек.

/upd/2014/0131/139116458052eb7ca435f618.18824374.jpg

Ал енді спиральдарды бір-біріне жабыстырып шығып, гүлдің негізін шығарамыз.

/upd/2014/0131/139116459852eb7cb623ae26.85711692.jpgМіне гүлдің бірініші қатары дайын болды.

/upd/2014/0131/139116462552eb7cd1cd3471.49278882.jpg

 Енді екенші қатарын жабыстырып шығамыз.

/upd/2014/0131/139116464752eb7ce7596af0.74742992.jpg

 Екінші қатары да дайын.

/upd/2014/0131/139116467152eb7cffb014a9.00296845.jpg

Үшінші қатары.

/upd/2014/0131/139116470452eb7d20406783.52964981.jpg

 Төртінші қатары.

/upd/2014/0131/139116473152eb7d3b260693.46435508.jpg

 Оны төңкеріп, тағы да конустарымызды жабыстырып шығамыз.

/upd/2014/0131/139116478452eb7d70336af8.06745038.jpg

 Міне біздің гүліміздің негізі дайын. Барлығы болып 7 қатар болды.

/upd/2014/0131/139116480152eb7d81d9e461.93779191.jpg

 Енді гүлдің таяқшасын жасаймыз. Ол үшін шырын ішетін қаламша (трубочка) аламыз, әрине жасыл түстісін. Оны гүлімізге өлшеп көреміз. Егер трубочка жіңішке болса оны қағазбен орап, гулге сай келетіндей етіп жасаймыз.

/upd/2014/0131/139116481652eb7d905d2146.98958802.jpg

 Енді жасыл қағаз алып гүлдің астына шашақтар жасаймыз. Ол үшін ені 5,5 см, ал ұзындығы 29,7 см болатын қағазды алып, оны екіге бүктейміз.

/upd/2014/0131/139116483552eb7da3d25430.68662875.jpg

  Бұл қағазды түбіне дейін жеткізбей 0,4 см ұзындықта қырқып шығамыз. Ұштарын ұштасақ әдемі болады.

/upd/2014/0131/139116485152eb7db34986a3.50942679.jpg

Кейін қағазды ортасынан қырқып екіге бөлеміз. Бұл, келесі гүлді жасауға уакыт үнемдеу үшін.

/upd/2014/0131/139116488052eb7dd0f31803.88068023.jpg

Енді тіс шұқылағышпен шашақтардың ұштарын аздап бұрап шығамыз.

/upd/2014/0131/139116490152eb7de5d0fd77.86941223.jpg

Кейін таяқшамызға бұл қағазды ораймыз.

/upd/2014/0131/139116562452eb80b8260963.62300991.jpg

 Енді желім жағып, гүлімізге жабыстырамыз.

/upd/2014/0131/139116602052eb82443c7a29.87187895.jpg

 Желімнің кебуін біраз күтеміз. 

/upd/2014/0131/139116620552eb82fdeb21c2.84848411.jpg

Енді гүлдің ұшына шашақ дайындаймыз. Ол үшін ені 5 см болатын қағаз алып, тең екіге бүктейміз.

/upd/2014/0131/139116622652eb8312d251e2.82759247.jpg

  Оны да түбіне дейін жеткізбей қырқып шығамыз. Тек шашақтары майда-майда болуы керек.

/upd/2014/0131/139116624252eb8322d0e856.44933219.jpg

 Оны тіс шұқылағышқа ораймыз.

/upd/2014/0131/139116625952eb833390e337.71951431.jpg

 Міне мынадай шығады

/upd/2014/0131/139116627752eb834571c5b5.90637909.jpg

 Енді тек түбіне желім жағып, гүлімізге жабыстыру ғана қалды.

/upd/2014/0131/139116629352eb8355e572b9.14998361.jpg

Міне гүліміз дайын.

/upd/2014/0131/139116630952eb836587ae22.72524338.jpg