Балалар бұл әлемі,
Қандай ғажап әдемі.
Жарқырай бер қашанда,
Таныла бер әлемге,
Ұнадың сен балаларға.
Марзия 10жас Қызылорда қаласы
Анама
Гүлдей жайнап жүре бер,
Құлпыра бер анашым.
Бақытты өмір тілеймін,
Сен мен үшін данасың.
Ақ жүректі анашым,
Мәпелеген баласын.
Күннен күнге құлпырып,
Жақын болып барасың.
Әмзеқызы Гүлжанат,
№106 орта мектептің 3 сынып оқушысы
Дос
Дос дегенім аяулы сөз қымбатты,
Осы үшін талай адам үн қатты.
Досың үшин тербел алтын бесікте,
Қиянатсыз адалдықпен сырласты.
Аңсар 9 жас Талдықорған қаласы