Аяулы мектебім
Нұрыңда көктедім
Бағыңда сайрадым
Гүлдей мен жайнадым
Алыстан іздедім
Білімге құштарым
Артып мен ойландым
Мектебім үйреттің
Есепті жазуды
Біліп ап күлімдеп
Қуандым білдім деп
Аңсар 10 жас
Аягөз қаласы
Ана
Асылым менің анашым,
Аяулым менің апашым.
Мәпелеп келесін сен мені,
Құлатпай өмір ұясын.
Төртіңді сен бөліпсін ,
Асылым менің анашым.
Қалайда болсын мен саған,
Борыштармын әр қашан.
Іңкар Қайратқызы 11 жас
Шахтинск қаласы
Балалар әлемі журналы
Оқиды кішкентай ұл-қызым,
Ертегі, хадис те, өлең де.
Бәрі де бір журнал бетінде.
Ұзақ болсын ғұмырың,
Таныла бер, әлемінің бәріне.
Динара Юлдашова
Түркістан қаласы
Шөлдеген екенсің
Қожанасыр бір астан қайтып келе жатып, жолда бұлаққа кезігіпті. Шөлдеп келе жатқан Қожекең ішіп, енді тұра бергенде, құйын соғып бөркі суға түсіп кетіпті.
Сонда Қожа:
- Е , сенде шөлдеген екенсің ғой, жарайды, әбден қанып ал, содан соң келерсің деп,- жүріп кетіпті.
Қапидолла Балбөбек 9 жас
Атырау қаласы
Дос
Дос дегенім ұлы ұғым.
Оны сезін, біл, ұғын!
Шын достарға арналар.
Көңілдегі ән-жырым.
Елнура 11 жас
Астана қаласы
Жұмбақтар
3 Аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек?
Жауабы: 3 сағат
* * *
Шәйға қант салған кезде, қандай жағдайда қант құрғақ болады?
Жауабы: Құрғақ шайдың (зоварка) үстіне салғанда.
* * *
Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады.
Жауабы: 5 бұрыш
Айнабеков Бекзат 11 жас
Алматы қаласы