Тарантул

      Өміріңізде ірі және түкті аяқтарымен иіс сезетін жәндік көрдіңіз бе?

     Тарантул (құсжегіш) – бүйе, ірі өрмекшілерге жатады, ұзындығы 35 мм. Түсі қоңыр-қара болады. Қазақстанда кең таралған өрмекші. Тарантул – қасқыр-өрмекші тұқымдасының ірі өрмекшісі. Бүйелер аулағыш аулар тоқымайды, оларды жұмыртқалары мен ұяларды жабу үшін пайдаланады. Тарантул төселген өрмекшінің торымен 30-40 см тереңдікке дейінгі індерде тұрып, іннің жанында пайда болған құрт-құмырсқаны шапшаң атып шығып, ұстайды. Өрмекші сыртқы бетте болған қимылдарды сезгіш келеді, соның ішінде шыбын-шіркейлердің қозғалысын сезіп, бас салады. Негізінде, өрмекшілер ет қоректі болып, тек ірі олжамен қоректенеді. Құрт-құмырсқа, бұзаубас, шігіртке, тарақан, қоңыз және құстармен қоректенеді. Тарантулдың ең үлкен дұшпаны жабайы алып арасы – пептис болып табылады. Пептис көбеюі үшін бір тарантулды іздеп тауып, жұмыртқасын тарантулдың ішінде сақтайды. Ол үшін күні бойы топырақты иіскелеп жүріп тарантулды тапқан кезде араларында өмір үшін күрес басталады. Тарантул араны аяусыз шақса да ара өлмейді. Ара инесін бүйе қарнының сол жақ үстіңгі бөлігіне сұғып, уын жібереді. Бұл у тарантулды сестірмей қатырады. Өлген тарантулды ара сүйреп, бір шұңқыр қазады да өрмекшіні шұңқырға тастайды. Тарантулдың қарнын жарып, оған бір жұмыртқасын салып кетеді. Бірнеше күн өткен соң жұмыртқадан шыққан ара құрт кезеңіне дейін тарантулдың  етімен қоректеніп, оның денесінің ішінде жетіледі. Тарантул Африка, Азия, Америка құрлықтарында, дұние жүзіндегі экзотикалық климатты елдерде, сонымен қатар Қазақстанның өзен жағалауларында және топырақ індерінде кездеседі. Тарантулдың шағуы ауыртпалы, бірақ өлімге алып келмейді. Араның тістеуімен салыстырсақ болады. Өрмекшілердің шағуын алдын алу үшін, олар мекендейтін жерлерде сақ жүру керек. Бұталардың өсуі көп жерде, жыраларда және өрмекшілердің ұясы болатын аңғарларда серуендеп немесе киім және басқа да заттарды ашық жерде қалдырмау керек. Оларға бунақ аяқтылар оңай кіріп кете алады. Өрмекшілер қорқынышты көрінумен қатар олардың көпшілік түрі адам денсаулығына қауіп төндіре алады. Дегенмен олар пайдалы жәндіктер, зиянды шыбын-шіркейді жоятындар. 

/upd/2013/1221/138761288252b54ad2b70260.57382101.jpg

/upd/2013/1221/138761290152b54ae5048b62.84904948.jpg

/upd/2013/1221/138761297452b54b2ed563a9.73716478.jpg