Ана құдіреті


/upd/2016/0518/1463579775573c747fbd51a1.23780947.jpgБесік тербеп,түн ұйқысын төрт бөлген,
Ол-құдірет, шегі жоқ қой өлшенер.
Біреу сенің маңдайыңнан шертсе егер,
Безек қағып,отқа түсіп өртенер.

Тірлігімен ұйытады ұяны,
Сен жайында барлық ойы, қиялы.
Мейірім мен шапағатпен аялап,
Жүрегіңе нұр сәулесін құяды.

Ақ пейілмен мейірлене сүйеді,
Бар тапқанын алдыңа әкеп үйеді.
Ана деген - құдірет қой қамқоршы
Ұрпағы үшін уайым жеп, күйеді.

Жандос Жайсаңбаев 10 жас
Жетісай қаласы