Хазреті Суфйан Сәури айтады:
Қағбаны тауаф етіп жатқанда әр қадамында салауат айтып жүрген біреуді көрдім. Оған «Сен керекті дұғаларды оқымай неге тек салауат айтып жүрсің. Әр жердің оқылатын өз дұғалары бар» дедім. «Сен кімсің?» деді. Мен де өзімді таныстырдым. «Сен қара халықтан емессің, ғалым екенсің, саған түсіндірейін» деп, әңгімесін бастады:
Әкеммен бірге Бәйтуллаһқа бару үшін жолға шыққан едік. Жолда әкем науқастанды. Оны емдеу үшін барынша тырыссам да әкем қайтыс болды. Қарасам, өлгеннен кейін жүзі қарайып кетті. Бетін жауып қойдым. Сөйтіп, қасында ұйықтап қалдым. Түсімде сондай бір адамды көрдім, одан асқан сұлу жүзді адамды көрген емеспін. Үстінен жұпар иіс аңқып тұрған еді. Әкемнің жанына келді. Бетіндегі жамылғыны түсіріп, қолымен әкемнің бетінен сипады. Әкемнің қара жүзі нұрланып, аппақ болды. Бұл кісіден кім екендігін сұрағанымда, «Мен расулуллаһпын. Әкең, өмірін босқа өткізді. Бірақ, маған көп салауат айтатын, қазір азапталып жатқандығы білдірілді, ол өзі де менен жәрдем сұрады. Көп салауат айтқан адамға мен әлбетте көмектесемін» деді. Оянып кеттім, әкеме қарағанымда жүзі аппақ болып нұрланғанын көрдім. Сол кезден бері барлық жерде пайғамбарымызға көп салауат айтамын.