Хамелеон

/upd/2015/1128/144870091056596beecd1712.39451205.jpg    Хамелеондар Оңтүстік Испания және Солтүстік Африка аймақтарында көп кездеседі. Денесінің түсінайналасындағы заттарға сай өзгерте алады. Бауырымен жорғалаушы жануарлардан айырмашылығы, түсін өзгерте алу қабілетінде. Өзі баяу қимылдайтын жануар. Олардың 85-ке жуық түрі бар. Хамелеондар ағаштың бұтақтарында өмір сүреді. Ағаштың бұтақтарын аяғы және құйрығымен ұстап тұрады. Көбісінің бойлары 20-30 см болады. Терісінің құрамындағы «хромотофор» деп аталатын пигментті жасушалардың арқасында түстерін емін-еркін өзгертіп, өздерін жылан және жыртқыш құстардан қорғайды. Кейбірлерінің бастарында мүйіз сияқты артықтары бар. Бес саусақты аяқтарының екі саусағы бір жақта, үш саусағы арғы жағында болғандықтан, ағаш бұтақтарын тістеуік сияқты мықтап ұстап алады. Аулаған кезде олжасына баяу жақындап, бойына тең келетін, ұшы жабысқақ тілін құмырсқаларға тез лақтырып аулайды. Хамелеондар улы емес, адамдарға шабуыл жасамайды. Оның таңқаларлық ерекшеліктерінің бірі де, бір-біріне тәуелді болмаған көздері. Бір көзімен арсысындағы олжасын көріп тұрып, екінші көзімен шет жағы мен арқа жағын бақылай алады. Шығыс Африка мен Мадагаскарда бір метрге жақын хамелеондар бар. Ұзын, жабысқақ және сорғыш тілдерімен сүтқоректі жануарлар мен құстарды да аулай алады. Хамелеондар жаз маусымының соңғы күндеріндетопырақты қазып, бірнеше жұмыртқа жұмыртқалап, көміп қояды. 3-4 айдың ішінде балалары жұмыртқадан шығып, дереу аулауға кірісіп кетеді. Хамелеондар топырақтың бетінде жүруге және шұңқыр қазуда қатты қиналады. Хамелеондардың бір бөлігі тірілей жұмыртқалайды, яғни жұмыртқалары аналарының қарнында ашылған күйде туылады. Хамелеондар кейбір алғашқы қауым адамдары тарапынан киелі деп саналған.