Хазіреті Жунәйд Бағдадиге бір күні шайтан келіп:
– Йа Жунәйд, сен сияқты жоғары мәртебеге көтерілген басқа бір ұлы адамды көрмедім. Жиырма жыл бойы саған ешбір қалауымды жасата алмадым, бұны қалай істей алдың?- дейді. Хазіреті Жунәйд Бағдади былай деп жауап береді:
– Доғар малғұн! Енді келіп, мені өз-өзін жақсы көру ауруына ұшыратып құртқың келді ме? Жиырма жылда істей алмағаныңды жиырма секундта істемекшісің бе? Кет алдымнан!