Арнау

/upd/2018/0104/15150835665a4e572e75a628.07306523.jpg

Жастай тартқан бұл өмірдің азабын,
Қадіріңді түсінбеді - ау қазағың.
Қаламымды оңды – солды сілтелеп
Болашақтан саған арнау жазамын.

Мұқағали – қазақтың саңылағы,
Мұқағали - ән жырдың шаңырағы
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.

Сенің жырың жаныма қуат берген,
Аралаймын сен жазған жырларды мен.
Шындықты мен жырлап өтем өлгенше
Менің пірім – Мұқағали болғасын!

Асия Ажимбаева №39 қазақ орта мектебі 11 Ә сынып