Боб Фенстердің Тентектіктер Тарихы атты кітабынан бірқатар мысалдар:
1.Аризона штатының азаматы кісендермен ойнап отырып, қолдарын кісендеп алады. Кілттерін таба алмай полиция қызметкерлеріне барып кісенінен босайды. Алайда өзінің өтемеген қарыздары болғандығы анықталған кезде қайтадан кісенделуіне тура келеді.
2.Джилет фирмасы 1902 жылы сапалы алмас шығарып сата бастағанында жүздеген ерлер бұл алмастардың өтпес екендігін айтып, алмастарды қоқысқа тастайды... Себебін іздеген Джилеттің өкілдері тұтынушылардың қырынбас бұрын алмастың сыртындағы жұқа қағазды алып тастамағандарын аңғарады...
3.1932 жылы Лос Анжелесте өткен Олимпиадада Француз атлеті Жулес Ноелдің диск лақтырудағы жаңартқан олемпиадалық рекордын, қадағалауы керек болған төрешілердің сырықпен биікке секіру жарысына қарау үшін артқы жақтарына бұрылуы себебінен рекорд ретінде санамады...
4.1840 жылы АҚШ президенттігіне тағайындалған Уиллиам Хенри Харрисон өте суық күні Вашингтонда ашық далада ұйымдастырылған қызметінің басталу салтанатында қалпақ пен пальто киюді жөн көрмей өткізген ұзақ сұхбатының соңы пневмания ауруына шалдығуына алып барды. Міндетіне жаңа бастаған президент бір ғана ай қызмет еткеннен соң қайтыс болды...
5.1985 жылы Нью Орлеандық құтқарушылар тобы сол жылы қаланың су қоймаларында ешбір суға бату құбылысы орын алмағанының құрметіне арнайы мерекелік кеш өткізеді. Бір қызығы кешке қатысқандардың бірі осы мерекеде суға батып өледі...
6.1975 жылы ағылшындық бір ерлі-зайыптылар теледидардан қатты сүйіп көретін программаларын тамашалап отырып, ерінің жарты сағат күлуінің нәтижесінде жүрегі көтере алмай өліп кетеді... Зайыбы ерінің жаназасын өткізгеннен соң программаны ұйымдастырушылар тобына күйеуінің өмірінің соңғы сәттерін осыншалықты бақытты өткізгендіктері үшін алғысын айтып, хат жолдаған екен.