Соңғы кездерде планшет, ұялы телефон сыңды технологиялардың дамуы және кеңінен таралуымен бірге оны қолданатындардың жасы да едәуір төмендеді. Бұған әке-шешесінің телефондарымен ойнайтын мыңдаған балалар мысал бола алады. Тіпті көптеген ата-аналар 2, 3 жасар балаларын жұбату үшін планшет немесе телефондардан пайдалануда. Алайда ұзақ уақыт бойы қозғалмастан басы төмен бүгіліп отырып планшет ойнау балаларда омыртқалардың қисаюы, бүкірлік ауруларына себепші болуда. Бұлардың емі де оңай емес және ұзақ уақытқа созылатын емдік процестерден тұрады.
Сондай-ақ бұл ақылды технологиялардың дамуымен қатар бұларға арналған приложениялардың (бағдарламалардың, ойындардың) түрлері де, саны да едәуір көбейе түскені белгілі. Соның салдарынан жыныстық үлгідегі ұятсыздыққа, зорлық-зомбылыққа әуестендіретін әртүрлі видеолар, ойындар, бұл құралдармен ойнайтын балалар үшін оңай қол жетімді жағдайға келді. Өйткені бұларды жүктеуде саусақпен бір ғана түрту жеткілікті.
Телефондағы мұндай программалар көбінесе ақылы болады, бірақ жасаушылар өнімдеріне назар тарту үшін демонстрациялы түрін ақысыз ұсынуда. Қызығушылығы артқандарға толық нұсқасын сатып алуға тура келеді. Немесе бұл бағдарламалардағы жарнамалар арқылы да басқа әртүрлі бағдарламалармен ойындар қолжетімді болғандықтан балаларды бұл қауіптен сақтау өте қиынға соғуда. Сондай-ақ бұл мәселенің материалдық жағы да бар. Мәселен былтыр Англиялық 5 жасар Денни, әкесінің телефонымен ойын ойнап отырып, ойынның ішіндегі ақылы қаруларды сатып алып, 10 минуттың ішінде 2500 доллар жұмсағаны мәлімденді.
Психологиялық кеңес беру мамандары бала жастағылардың да, жеткіншектердің де бұл жағдайдан сақтануында ата-аналарға көбірек жүк түсетінін білдіруде. Балалардың қолына берілген технологиялық жиһаздардың, интернетке қатысты әртүрлі құралдардың міндетті түрде ата-ананың бақылау астында қолданылуы тиіс. Ата-аналарға бұл мәселеге қатты мән берілуі керектігін айтқан мамандар: «Компьютер, планшеттердегі жыныстық үлгідегі әртүрлі видеолар, суреттер және ойындар, балалардың назарын тарту ықтималы өте көп. Интернет арқылы төнген қауіптердің қатарына балалардың әртүрлі мінез-құлыққа қайшы сайттарға оңай түрде кіре алулары, онда зұлымдыққа негізделген және әдепқе қайшы әрекеттердің қалыпты етіп көрсетулері, бақылаусыз түрде танымайтын адамдармен чат арқылы сөйлесулері, хат алмасуы мысал бола алады.»
Интернет балаларға ізденетін, білімін толықтыратын мәлімет қазынасы болумен қатар, жоғарыда аталып өткен қауіптердің де таусылмас қоры. Сол себепті ата-аналардың бұл мәселеге немқұрайлы қарамауы, балалары жан-жақты түрде бақылауында болуы өте маңызды.
Бұл орайда елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқандары да әдемі мысал болмақ: «Заман өзгерді. Қазіргі балақайлардың ең сүйікті ойыншықтары не дейсіз ғой? Сөзсіз планшет, айпад. Таңның атуы, батуы осы «ойыншықтармен» ойнап, әлек болды. Әрине, заман талабына сай бүлдіршіндердің ақпараттық қоғамда инновациялық технологияларды жетік меңгеріп, қолдана білгені дұрыс. Алайда, бұл жағдайдың кері әсері болатыны сөзсіз. Жақында теледидардан «Еуроньюс» арнасын қарап отырғанымда, баласының болашағына алаңдаулы анасы одан барлық техниканы, тіпті ұялы телефондарды тартып алғанын көрдім. Содан бері пайдалы жұмыстармен айналыса алатын бос уақыты да пайда болған екен.»