Маймыл орхидеясы

/upd/2015/1104/1446657827563a3f23b497d5.75924861.jpg

 

Dracula simia - өте сирек кездесетін гүл. Екінші аты - маймыл орхидеясы. Бұлай аталу себебі, гүлшанақ ортасында шынымен де маймылдың бет бейнесі бар. Маймыл орхидеясы Эквадордың, Колумбияның және Перудің таулы аймақтарында, теңіз деңгейінен 1000 - 2000 метр биіктікте өседі. Коллекция жиюшылардың айтуы бойынша, маймыл орхидеясынан піскен апельсиннің иісі шығады.