Хазреті Имам Раббанидің шәкірттерінің бірі былай деп хикаялайды:
Хазреті Имам Раббанидің інісі Сурунч қаласында еді. Інісін қасына шақырып алу үшін бір хат жазды. Хатты інісіне мен апаратын болдым. Жолға шығарда – аман-есен жетуім үшін дұға қылып, Фатиха сүресін оқыды. Содан соң маған:
«Жолда Құрейш сүресін көп оқы – қауіп-қатерден құтыласың. Егер жолда қиыншылыққа тап болсаң - бізді есіңе ал.» деді.
Қасыма екі адам алып жолға шықтым. Сурунч қаласына екі тоқтам жер қалғанда, алдымыздан шөлдала шықты. Осы шөлдаланы қолданып қасымдығылардан алыстау жерге барып таһарет сындырдым. Дәрет алып екі рәкәт намаз оқиын деп тұрғанымда, алдымнан бір арыстан шыға келді. Маған жақындай түсті. Сол кезде есіме ұстазымның: «Егер жолда қиыншылыққа тап болсаң бізді есіңе ал» деген сөзі түсті.
Ішімнен: «Ей ұстазым! Аллаһу та’аланың рұқсатымен көмегіме кел, мені мына арыстаннан құтқар» дедім. Сөзімді бітірер-бітірмес қасыма Хазреті Имам Раббани келді де, арыстанға менің қасымнан кет дегендей белгі берді. Арыстан қашып кетті. Ал хазреті Имам Раббани көзден ғайып болды.
Бұл оқиғаны көрген қасымдағылар: «саған көмектескен адам - кім?» деп сұрады. Мен барлық жағдайды түсіндіріп, маған көмектескен хазреті Имам Раббани екенін айттым. Қасымдағылар хазреті Имам Раббаниді жақсы көретіндер қатарына қосылды.