Жердің қазба байлықтарына қол жеткізу мақсатында адамдар тарапынан қазылған әлемдегі ең үлкен шұңқырлардың бірі АҚШ-тың Юта штатындағы “Bingham” карьері. Мыс өндіру үшін 1863 жылы басталған қазба жұмыстары әлі күнге дейін жалғасын табуда. Күннен күнге үлкейіп жатқан бұл карьердің қазіргі тереңдігі 1 километрден астам, кеңдігі шамамен 4 километрге жетеді.
Оңтүстік Африка Республикасындағы “Kimberley” шұңқыры болса, алмас өндіру мақсатында шаруалардың қол күшімен қазылған ең үлкен шұңқыр болып табылады. Тереңдігі 1097 метр. Өндіріс жұмыстары 1914 жылы тоқтаған. Ешқандай бұрғы, техникасыз, күрек-қайла сыңды қарапайым құралдармен 50 мыңнан астам адам жұмыс істеп, жер бетіне шамамен 22 миллион тонна парода шығарылып, 3 тонна алмас алынғаны айтылады.
Якутиядағы “Мир” алмаз кен орны да адамдар қазған ең терең шұңқырлардың бірі. Бұдан ары қарай өтімді болмаған алмаз кен орнының тереңдігі 525 метр, диаметрі 1200 метрді құрайды. Жабылудан алдын жылына 10 миллион караттық алмаз шығарылған алып шұңқырды қазу үшін реактивті қозғалтқыштар және өте қуатты жарылғыш заттар қолданылған.
Канаданың солтүстік-батысындағы “Diavik” карьері де 2003 жылдан өндірісін бастап, алып шұңқырлардың көшіне қосылған. Шамамен 1000 адам жұмыс істейтін кен орнында жылына 7,5 миллион караттық алмаз алынуда.
Өте қорқынышты және дүниенің ең қауіпті жерлерінен есептелетін бұл шұңқырлардың үстінде төменге қарай бағытталған ауа ағысы пайда болатындықтан және үстінен өткен ұшақтарды ішіне тартатындықтан ұшуға тыйым салынған мекендер қатарына жатады.