Көптеген жәндіктердің шағуы адамдар үшін аса қауіпті емес. Аз ғана емдікті қажет етуі мүмкін. Ал жылан, өрмекші және шаян секілді улы жәндіктер шаққанда адам өміріне өте қауіпті болуы мүмкін.
Улы жылан шаққанда бірнеше минуттың ішінде ауру, ісік пайда болып, түсі бозара бастайды. Терінің астында қанау процесі жүруі мүмкін.
Улы жәндік шаққан балаға алғаш қандай көмек көрсете аласыз?
Дененің іс-қимылы қан айналу жүйесін арттыратындықтан, улы жәндік шаққан баланы дереу көлеңкелі, салқын жерге жатқызып тыныштандыру керек.
Әсіресе улы жылан шаққанда жедел ауруханаға жеткізу мүмкін болмаған жерде, алғашқы көмек бір сағаттың ішінде жасалу керек. Жараланған жердің тіс іздерін көлемі бойынша кесіп, қанын сорып қанату керек.
Қанды сорған адамның аузында жара болмауы керек. Ауруханаға жеткенше жараланған жерге суық су немесе мұз қою, удың қанға араласуын баяулатады.
Ара шаққанда инесі қалып кетсе, қанатпастан, зақымдамастан инені суырып алу керек. Ара шаққан жерге мұз немесе суық суға батырылған мата қойылады.
Кене шаққанда кенені қолмен суырып алмау керек. Себебі, кененің басы терінің астында қалып кетіп, аллергиялық реакцияларға немесе қабынуларға себепші болуы мүмкін.
Кененің үстіне темекі секілді отты нәрсе қойылады. Немесе үстіне спирт, иіс су (әтір) себілген мақта қойылып, кененің өздігінен шығуын қамтамасыз ету керек.