Балалардың өміріне қауіп төндіретін факторлардың бірі – улану болып табылады. Көп жағдайда улану белгілері айқын көрінбесе де, улы заттар мен дәрі-дәрмектер балалар тарапынан қолданылуына байланысты көптеген шағымдар түсіп жатады. Отбасында жасалуы керек болған негізгі шара – улануға себеп болатын заттарды немесе дәрі-дәрмектерді қол жетпейтін жерлерге қою керек. Егер уланған жағдайда емдік шара, тек ауруханада ғана жасалуы тиіс. Отбасы мүшелері улануға себеп болған заттарды, дәрі болса атын, мөлшерін біліп хабар берсе, емделу жолы қиындыққа соқпауы мүмкін.
Баланың улану жағдайына тап болғанда:
» Ең әуелі сабыр сақтау керек.
» Уланудың себептерін іздеп, улы заттың құтысынан, мөлшерінен және т.б жағдайлардан хабардар болу керек.
» Әрбір уланған жағдайда баланы құстыра беру, қателік те болуы мүмкін.
Біз қандай көмек бере аламыз?
» Улану белгілері байқалғанда алғаш жасалатын көмек, желінген улы заттың немесе дәрінің асқазан-ішек жолдарына сіңуінің алдын алу және денеден шығару жолдарын қарастыру керек.
» Әр түрлі дәрімен улану кезінде алғашқы жасалатын шара – баланы құстыру. Баланы құстыру үшін басын алға қарай иіңкіретіп, қолын ауыз қуысына сұғып құстырылады. Одан ешқандай нәтиже шықпаса, көп су ішкізіп құстырылады. Қаншалықты ерте құсса, соншалықты жақсы болады.
» Бензин майы, кірдің суы сияқты заттар болса мүлдем құстырылмайды. Асқазанды мол сумен шаю қажет. Яғни көп мөлшерде су ішкізіліп, улы заттың концентрациясын азайту керек.
» Тыныс алу жолымен уланған баланы улы ортадан алыстатып, таза ауаға шығару керек. Үстіндегі тар киімдерін шешіп, қажет болса жасанды жолмен дем беру керек.