Сүйікті пайғамбарымыз «саллаллаһу алейһи уә сәлләм» мәсжиди шәрифте отырғанында хазіреті Жәбрейіл келіп, «Йа Расулаллаһ! Әбу Бәкір орындаған бір ғибадат, жетпіс жылдық ғибадатқа татиды» дейді. Пайғамбарымыз хазіреті Білал Хабашиге: «Йа Білал, Әбу Бәкірді шақыр, келсін!» деп бұйырады. Келген кезде оған:
- Йа Әбу Бәкір, үйіңде не істеп жатқан едің?- деп сұрайды.
- Ештеңе істеп жатқан жоқ едім, Йа Расулаллаһ!
- Бүгін таңертең қандай да бір ғибадат жасадың ба?
- Жоқ, йа Расулаллаһ, жасамадым.
- Көңіліңнен бір нәрсе өтті ме?
- Иә, өтті Расулаллаһ!
- Не туралы ойландың, Йа Әбу Бәкір?
- Жәннатты, жаһаннамды ойладым. Аллаһу та’аланың бұларды адамдармен толтыратындығын, тозақтың үлкендігін, отының беретін азабын және сол жерде жанатын адамдардың жағдайын ойлап, бір нәрсе тілеген едім.
- Ол қандай тілек, Йа Әбу Бәкір?
- «Йа Раббым, ақыретте менің денемді сондай үлкен қылып жарат, тозақтың ішіне тек мен ғана сияйын, басқаларға орын қалмасын» деп тіледім.
- Не үшін бұны қаладың?
- Ешкім отта жанбасын деймін, Йа Расулаллаһ. Бәрінің орнына мен жанайын, басқа ешкім жанбасын. Осыны сұрадым Раббымнан.
Пайғамбарымыз хазіреті Әбу Бәкірден қатты разы болады да, оған көп дұға етеді.