Адамдардың арасында көмекке ең мұқтаж болғандар, туыла салып жалғыз және мұқтаж болып қалған жетім балалар. Оларға қамқор болу, қажеттіліктерін орындау, мұсылмандардың негізгі міндеттерінен бірі болып табылады. Мұндай жетім қалған балалар, Аллаһу та’аланың бүкіл құлдарына аманат. Жақын туыстарынан бастап бүкіл мұсылмандарға бұл аманатты қорғау, міндет ретінде жүктелген. Бұл міндетті орындағандар, Аллаһу та’аланың және Оның сүйікті пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламның разылығына қауышады.
Сүйікті пайғамбарымыз: «Жетімдерге көмектесіп, оларға қамқор болған адам, мейлі ол туыстарынан болсын немесе бөтен біреу болсын, менімен ол жаннатта мына екі саусақтай жақын боламыз» деген. Мұны айтқанда пайғамбарымыз ортаңғы саусағы мен сұқ саусағының арасын біраз ашып көрсеткен еді.
Сонымен қатар жетімдерге қарап, оларға бас-көз болу, сүйікті пайғамбарымызға деген қарызымыз болып табылады. Өйткені пайғамбарымыз да әрі әкесі, әрі шешесі жоқ жетім болып өскен. Жетімді қуанту өте үлкен сауап. Адамды жаннаттағы жоғары дәрежелерге қауыштырады. Аллаһу та’ала Ниса сүресінің 10-аятында былай деген: «Жетімдердің мал-мүліктерін әділетсіз түрде жегендердің, жейтін нәрселері тек қана от болады және жақында жалындап жанып тұрған отқа түседі.»
Қаншама қалалардың батып кетуіне, сарайлардың құлауына жетімдердің лағнеті (қарғысы) себеп болған. Пайғамбарымыз былай деген:
«Жетімді ұрған кезде оның жылауының себебінен арш дірілдейді және Аллаһу та’ала періштелеріне былай дейді:
- Ей періштелерім, әкесі топыраққа көмілген жетімді кім жылатты?» Оны кім жылатқанын өзі жақсы білсе де, жетімнің абыройын көтеру үшін солай сұрайды. Періштелер:
- Аллаһу та’ала ең жақсысын біледі, - дейді.
- Ей періштелерім, сендер куә болыңдар, кім сол жетімді қуантса, мен де оны қиямет күні қуантамын!