Ғарыш кеңістігінде таңғажайып нәрселер көп. Кейбірін өз көзіңізбен немесе телескоптың, дүрбінің көмегімен көре аласыз. Олар туралы қызықты мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.Ғарыш кемесі:Зымырандар ғарышқа 1957 жылдан бастап ұша бастады. Адамдар тіпті Айға дейін барды. Ғарыш кемесі ұшқыштарсыз Уран, Нептун сияқты алыс ғаламшарларға да барды.Бұл Америка зымыраны үш адамды Айға алып барды.Ғарышқа ұшатын адамды ғарышкер дейді. Ғарышқа ұшар алдында бірнеше жылдар бойы дайындалады.Бұл ғарышкер ғарышта серуендеу үшін скафандр деп аталатын арнайы киім киген.Төменде шаңды бұлттан пайда болған жаңа жұлдызды көруге болады.Нептун ғаламшары.Сатурн ғаламшары.Ғаламшар деп жұлдыздар айнала қоршалған үлкен тасты немесе газды шарды айтады. Күннен, оны айнала қозғалатын 9 үлкен ғаламшардан (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон), жұлдыздардан құралған ғарыштық денелер жүйесін Күн Жүйесі деп атайды.
Серіктер:Көптеген ғаламшарлардың серіктері бар. Серіктер – ғаламшарды айналып жүретін кішкентай ғаламшарлар.Бұл Юпитер серіктерінің бірі – Ио
Жұлдыздар:Жұлдыз – бұл ыстық газ шары. Күн – үлкен жұлдыз.
Комета: Комета, құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі. (Мұз,метан және будан) Күнге жақындаған кезде буланып кетеді.
Жұлдыздар жүйесі: Жұлдыздар жүйесі – бұл жұлдыздардың бір араға топтасуы. Күн Күн жүйесімен бірге Құс жолы деп аталатын Жұлдыздар жүйесінде орналасқан. Ғалымдар ғарышта миллиардтаған жұлдыздар жүйесі бар деп тұжырымдауда. Бұл Сомбреро құйрықты жұлдызы. Онда миллиондаған жұлдыздар бар.