Ең әуелі LCD («Liquid crystal display» – ЖК-дисплей, Сұйық кристалды бейнебет) теледидарлар шықты. Одан кейін LED («Light-emitting diode» –Светодиод, Жарық диоды) және OLED («Organic Light-Emitting Diode» – Органикалық жарық диоды) қазір де3D (3-dimensional, Стереобейнелі) теледидарлары шықты. Ендігі кезек – голографиялық теледидарлар болмақ. Бүгінге дейін тек ғылыми-фантастикалық фильмдерде ғана көріп жүрген бұл технология жуық арада кең түрде таралмақ. Алғашқыда жарнамалау қызметтерінде қолдануға арналған болса, енді міне дамыған техникалардың күшімен бөлшекті сауда тұтынушыларының қызметтеріне де ұсынылмақ. Жапония – голографиялық технологиялар жүйесінде көш басшы мемлекеттердің бірі. Ұсынылған 20 қызмет пакетінде матч ойындарын 3D форматында көруге де болады.
БИОҚҰРЫЛҒЫНЫҢ КҮШІ: Био құрылғы (биодатчик) – қазіргі таңда қауіпсіздік және азық-түлік саласында қолданылуда. Биоқұрылғының көмегімен химиялық шабуылдарды немесе азықтардағы сальмонелла (жұқпалы ішек ауруын қоздыратын таяқшалы) бактерияларды анықтауға болады. Ғалымдардың бұдан кейінгі мақсаты – денемізге орналастыруға болатын биоқұрылғыларды жасап шығару болып отыр. Бұл құрылғының арқасында қанның құрамына анализ жасау және денемізде жүріп жатқан процесстерді анықтау оңайға соғады.
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КИІМДЕР: Нанотехнологияның арқасында киімдеріміз көптеген өзгерістерге ұшырамақ. Бұл технологияның көмегімен бактерияларға қарсы антибиотик бөлетін, қозғалу энергиясынан электр энергиясын өндіріп, ұялы телефондарды зарядтайтын, су және оқ өткізбейтін, отқа жанбайтын, дене температурасын бір қалыпты етіп ұстап тұратын және өздігінен тазаланатын киімдерді қолданатын боламыз.
ЭЛЕКТРОНДЫ ҚАҒАЗ:Қағаз секілді майысатын және көп мәрте қолдануға жарамды электронды қағаздарға жүктелген мәліметтер электр тоғының көмегімен оқыла алынады. Электронды қағаз құралдарының арқасында электронды технология қазіргі таңда көптеген өзгерістерге ұшырамақ. Дамыған электронды қағаз технологиясы интерьер дизайнында, жарнамалауда, үйлерде, баспасөзде және офистарда сан түрлі қызметтерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
ФОТОВОЛЬТАИК ҒИМАРАТТАР:Ең таза, әрі ең тиімді энергия өндіру тәсілдерінің бірі – күн энергиясынан күн батареясының көмегіменэлектр энергиясын өндіру болып табылады. Сонымен қатар бұл жүйе тек электр станцияларында ғана қолданылмайды. Ғимараттардың сыртқы қабырғалары мен шатырлары күн батареясымен қаптатылып, фотовольтаик ғимараттар құрылуда. Өкінішке орай бұл технологияның үлгісі елімізде болмаса да, шетелде қолданыстарға ие болып отыр. Күн энергиясы технологиясының арзан болуымен өзіне электр энергиясын күн энергиясынан өндіретін фотовольтаик ғимараттар болашақта кеңінен таралмақ.
РОБОТТАР:Қазіргі таңда роботтар индустриалдық мақсатта, фабрикаларда белгілі бұйрықтарды орындау үшін қолданылуда. Бұл технологияны күнделікті өмірде қолдану үшін қарқынды жұмыстар атқарылуда. Дамыған технологияның арқасында ғылыми-фантастикалық фильмдердің тұрақты фигураларына айналған роботтардың күнделікті өмірімізге де араласуына аз қалды. «Honda» компаниясының құрастырған жаңа ұрпақ, адами робот сериясы – «ASIMO» қазіргі технологияның күшімен іс-әрекеттерді, қимылдарды, мимикаларды, қоршаған ортаны, дауыстарды және түрлерді тани алады.