Азық турайтын электронды тақтайша

 Үстіндегі азықтардың салмағын сандық түрде көрсете алады. Граммен белгіленген тамақ рецептерін әзірлеу үшін немесе диета кестесін бұзбау үшін өте тиімді өнім.

 USB қаламсабы: Джеймс Бонд қаламсабы тек жазып қана қоймай, жасырын бейнетаспасы мен дыбысты видеоға түсіре алады. Отыз сағатқа дейін таспаға жазып, жадында сақтай алады.

Жүзу қанатшасы:Жүзу қанатшасымен құрлықта жүру өте қиын. Бірақ бұл өнімді жеңіл аяқ-киімнің орнына да қолдануға болады. Барынша тиімді болған бұл өнімді сүңгуге әуесқой жандар жағажайда еркін қолдана алады.

Суға батпайтын кілт салпыншағы (брелок) заттың ішіне жасырылған 47 см ұзындықтағы ісіне алатын, қызғылт-сары түсті баллонның арқасында суға түскен зат 30 секундтың ішінде су бетіне қалқып шыға алады. Баллон 120 грамм салмақты көтере алады. Лазер қайшы:Бұл қайшымен сызылған түзу сызықтың үстімен қағаз немесе маталарды оңай қырқа аласыз. Жұмысты жеңілдететін құрал.Моншақ сағат: Бұл сағатта сандардың орындарында моншақтар бар. Сағат тілі мен минут тілі жарықпен көрсетіледі. Өте қызықты құрылған дизайн. Қолғап пен аяқкиім құрғатушысы. Әсіресе қыс айларында ылғалданған және дұрыс кептірілмеген қолғап немесе аяқкімдер үшін өте жақсы құрал. Қолғап пен аяқкиімдерді кигізесіз. Қысқа уақыттың ішінде құп-құрғақ болып шығады.