Сынған сүйек қалай жазылады?

/upd/2015/0824/144043131155db3ccf010329.27885178.jpg

   Сүйектердің өте қатты және төзімді екенін айтып өттік. Дегенмен сүйектерімізге шамадан тыс ауыр соққы тиген жағдайда сынып кетеді. Ал сынғаннан кейін не болады? Сүйек өз-өзін емдейді. Дәрігерлер сынған сүйектің дұрыс бірігуі үшін сүйекті жақсылап орналастырып, гипске салады. Сүйекті емдеудің бұдан басқа жолы жоқ. Өйткені сүйекте өз-өзін жөндеп, қалпына келтіретін механизмі бар. Сүйектің сынған кезде өз-өзін жөндеуі және жөнделгеннен кейін алдыңғыдан да мықты, төзімді болуы таңғаларлық жағдай. Бұл жағдай былай жүзеге асады: Алдымен сынған сүйектің айналасында қан қоюланып, «гематома» деп аталатын үлкен ұйыған қан жиынтығы пайда болады. Бұл өздерің де білетін, терідегі жараның бетінде пайда болатын қабық секілді қабат. Сүйек жасайтын жасушалар өздерінен бөлетін минералдарымен бұл ұйыған қанды сүйекке айналдырады. Бұл процес біткеннен кейін, сүйек қырушы жасушалар іске кіріседі. Сүйек қырушы жасушалар да кәсіпқой мүсіншідей қимылдап, құрамында ерітуші қышқылы болған тұз қышқылымен егеулеп, сүйекке пішін береді.
    Мүсіншінің шеберлігімен әрекет ететін жасушаларымыз өлшемнен мүлт кетпейді. Сүйектеріміздің формасынан, көлемінен еш шатаспайды. Қашан тоқтап, қашан көбею керектігін қатесіз есептейді. Саусақтарымыздың сүйектері немесе аяқтарымыздың еш тоқтаусыз өсетінін бір елестетіп көрейікші. Бұл өте қорқынышты жағдай. Бірақ бұлай болмайды, барлығы қажетті мөлшерде өседі. Бұл жағдай, сүйек жасушаларымыз Аллаһтың қалауымен әрекет ететінінің ап-айқын бір дәлелі. Аяғымыздағы сүйек пен саусақтағы сүйектеріміз бір емес. Денеміздегі сүйектердің ұзындықтары, формалары және қалыңдықтары бір-бірінен өзгеше. Ойлап қарасақ барлығын жасап шығарып жатқан бірдей жасушалар. Бұл процедура сүйектің алдыңғы қалпына қайтқанға дейін жалғасады. Тіпті сүйектің сынғанынан 1 жылдан кейін де сүйек ерітуші жасушалар біз білмеген халде сүйектің ескі қалпына қайтуы үшін сабырлы бір мүсіншідей егеулеу ісін жалғастырады.  
/upd/2015/0824/144043140055db3d28ce55e8.77697625.jpg       Көзбен көре алмайтындай өте кішкентай болған сүйек жасушаларының атқаратын бүкіл осы істері, өте үстем бір сананың көрсеткіші. Өйткені жасушалардың көретін көзі жоқ  болса да сүйек жасауда. Сондай-ақ сынған жердегі қуыстың толғанын түсініп, жұмыстарын қашан яқтау керектігін де біледі. Артынан сүйек қырушы жасушалар жаңадан жасалған сүйектің кедір-бұдыр екенін байқап, сүйекті егеулей бастайды. Ол үшін сүйекті бөлшектей алатын қуатты қышқыл қолданады. Бірақ бұл қышқылды көп қолдану керек кезде көп, аз қолдану керек кезде аз қолданып, сүйекті ең дұрыс қалпына келтіреді. Көріп тұрғандарымыздай сүйек жасушаларының барлығы нені, қай жерде және қалай істейтіндерін өте жақсы біледі. Сүйектеріміздің жөнделуі үшін құрылған жүйе керемет жұмыс істейді және сүйектің өзін-өзі жөндеуін қамтамасыз етеді. Сүйектердің бұл ерекшеліктерін ғалымдар қаншама жылдан бері таң қалып, қолдан жасауға тырысуда. Бірақ әлі күнге дейін іске асыра алған емес.   
      Адамдардың жоғары технологиялармен жасай алмаған бұл қабілетке сүйек жасушаларымыз қалай ие болған? Сынған сүйектің жөнделуі үшін қандай заттар керектігін, қандай процедуралар жасалатынын жасушалар қайдан біледі? Жасушалардың кейбірлеріне сүйекті бұзу ерекшелігі берілген, ал кейбірлеріне сүйектің формасын шығару ерекшелігі берілген. Осы міндеттерді берген кім? Бүкіл осы істердің барлығы қалай шиеленіспей, керек уақытында міндетін атқаруда. Сүйек жасушалары бұларды өздері үйренген бе? Әрине бүкіл осы таңғаларлық істерді көзбен көре алмайтын жасушалардың өздері түсініп жасаулары мүмкін емес. Бұларды кездейсоқ үйренулері де мүмкін емес. Сүйек жасушаларымыз өздерін жаратқан ең биік ақыл иесі болған Аллаһтың қалауымен әрекет еткені үшін шебер мүсіншідей сүйектердің формасын шығаруда. Денеміздегі жасушалардың сүйектерді қалай  қалыптастыратынын ойлап көрдіңдер ме? Денеміздегі 206 дана сүйектердің басым бөлігі, формасы жағынан бір-бірінен өзгеше. Олардың мұндай әртүрлі формада болулары, әлі сендер ананың құрсағында жатқан кезден-ақ басталады.  
/upd/2015/0824/144043146855db3d6c46c031.85699403.jpg     Уақыт өткен сайын көбейген жасушалар, дененің қай бөлігінің жасушасы болу керектігін үйретіп қойғандай әртүрлі формаларға ене бастайды. Кейбір жасушалар сүйектерімізді, кейбір жасушалар бауырымызды, кейбірлері бүйрегімізді, ал кейбірлері көздерімізді қалыптастырады. Бірақ бауырды, сүйекті және көздерді қалыптастыратын жасушалардың тек бір жерге келіп жиналуы жеткілікті болмайды. Бұлардың өз араларында да өзгешеленуі керек. Мысалы, сүйек жасушалары, қалыптастыратын сүйекті дененің қай бөлігінде болатынын біліп соған сай жерге барып, сай келетін формаға енуі керек. Бөпелердің бас сүйегінің арасындағы қуыстар уақыт өтумен, сүйектер жетілгенде жабылады. Аяқтарымыздағы сүйек жасушалары шебер мүсіншідей еңбек етіп, саусақтарымызды кемістіксіз қалыптастырады. Бас сүйегімізді қалыптастыратын сүйек жасушалары миды өлшемін білетіндей дәл соған сай түрде, миды еш кемшіліксіз түрде орап алатын сүйек қабатын қалыптастырады. Бұл бас сүйегі ми қысылып қалатындай кішкентай да болмайды, адам өз басын көтеріп жүруге қиналатындай үлкен де болмайды. Денеміздегі бүкіл сүйектер сияқты қол сүйектері де уақыт өтуімен бірге жетіледі. Бірақ мән берілуі керек болған бір нәрсе, қолдағы сүйектердің барлығы пропорционалды түрде өседі. Өздеріне қандай форма берілуі керек екенін, қандай жасуша болуы керек екенін өте жақсы білген халде сүйектерге кемістіксіз форма беретін жасушалардың бұл санасы қайдан пайда болды.