Күзде жапырақтар неге сарғайып жерге түседі? Бұл үрдіс қалай жүзеге асатыны жайында білгіңіз келе ме? Ендеше назар аударыңыз! Талдар қысқа дайындалу үшін топырақтан алған қоректік заттарын өз бойында сақтап қалуға тырысады. Сол себепті күзде жапырақтарын қайта өңдеп, түсуіне мүмкіндік береді. Ол үшін хлорофиллді қауіпсіз жасушаларға бөліп, көктемге дейін бұтақтарында сақтайды. Бұл үрдіс ұзақ жүзеге асады. Себебі, өңделу кезінде хлорофилл жасушалары күн энергиясын қоса сіңіреді де оттегі молекуласын бөледі. Ал бұл қоректік заттарды бұтақтың сіңіруіне кедергі келтіреді. Бұл кедергіні азайту үшін жапырақтар хлорофиллді қауіпсіз жасушаларға бөледі. Оның түсі сарғыш болады. Жасыл түсті жапырақ осылайша сарғышқа боялады. Кейбір талдар күн сәулесінен хлорофиллді қорғау үшін арнайы қызыл-күрең түстер бөледі. Онда жапырақ қызыл түске боялады. Бұл пигменттер жасыл жапырақтың құрамынан 50 % -ға дейін фосфор мен азотты қайта өңдеп алып, оны бұтақтақа сақтайды және көктемде жапырақтың жасыл болып өсуіне ықпал етеді. Мінекей, талдарды әлемдегі ресурстарды қайта өңдейтін ең әдемі зауыттар десек болады.
Неліктен шыршалар жасыл болып қалады?Шыршалар қыстан қорықпайды. Олардың жіңішке ине тәрізді жапырақтары суыққа төзімді. Өйткені, аз шырынды, балауыз қабықшамен қапталған. Қылқан жапырақты ағаштар қыста өсуін бәсеңдетсе де, жапырақтарына қоректік заттар жеткілікті болғандықтан сарғайып түспейді. Инелерінде хлорофилл сақталып, шырша қыста да, жазда да әдемі қалпын сақтайды. Егер қылқан жапырақты ағаш сарғайып, инелері түссе, бұл оның ауырғанын немесе шөлдегенін білдіреді.