Жер бетіндегі ең биік тау – Гималай. Олар Азияда орналасқан. Таулардың биіктігі соншалық, оларды «әлемнің төбесі» деп атайды. Гималайдың жоғарғы жағы ешқашан ерімейтін қар мен мұзбен жабылған. Жеті құрлықтың ең биік таулары: Азия – Эверест 8848 м .Оңтүстік Америка – Аконкагуа 6959 м.Солтүстік Америка – Мак-Кинли 6194 м.Африка – Килиманжаро 5895 м. Еуропа – Эльбрус 5642 м. Антарктида – Винсон 5139 м. Австралия – Джая 5030 м. «Гималай» сөзі «қар үйі» дегенді білдіреді. Бұл суық шыңдарға өте қолайлы атау.
Таулар кішіреюі мүмкін бе? Уақыт өте келе барлық таулар кішірейеді. Олар мүжіліп, тау жылғаларымен, мұзбен, қармен төменге ағып кетеді. Алайда, өсетін таулар да бар. Мысалы, Гималай. Жер асты дүмпулері оларды жоғары итеріп, одан да жоғарылай түседі.Гавай аралдарында Эверест тауынан 1300 метр биіктікте орналасқан Мауна Кеа тауы бар. Бірақ оның көп бөлігі су астында орналасқан. Неғұрлым таңдың төбесіне көтерілген сайын, соғұрлым ауа суық болады. Биік тауда тіршілік ететін көптеген жануарлар, мысалы, тау ешкі, лама, сарлықтың ұзын, қалың жүндері өздерін суықтан қорғайды.
Адамдар жанартауларда өмір сүре ме? Жанартауда немесе оның етегінде тұру қауіпті. Алайда адамдар әлі күнге дейін жанартауларда өмір сүреді және егіншілікпен айналысады. Жанартау күлі топырақты жақсы тыңыйтады, сондықтан жасыл тұқымды өсімдіктер мол өнім береді. Деседе, кез келген уақытта жанартаудың атқылауы адамдар үшін табиғи құбылыс болған. Басқа планеталарда жанартаулар бар. Марстағы Олимпус жанартауы жер бетінде ең биік саналатын Эверест тауынан үш есе үлкен. Жанартаулар ұшақ үшін қауіпті. Атылып жатқан жанартаудың күлі мен шаң ұшақтың қозғалтқыштарына түсіп, апатқа әкелуі мүмкін.