Ғалымдардың пайымдауынша, жер шары шамамен 4,6 миллиард жыл бұрын пайда болған - дегенмен, оның пайда болғанын ешкім көрмеген. Сондай-ақ, Ай жермен бір мезгілде пайда болды деген болжам бар. 180 миллион жыл бұрын Пангея бөліктерге бөліне бастады. Жер бетінде адамдар жақында пайда болды. Егер оның да тарихын білуге тырыссақ, онда ол 31 желтоқсанға қараған түні пайда болды деседі. Қазір жер бетінде жеті құрлық бар. Картаға қарап, олардың бір-біріне қалай сәйкес келетінін елестетіп көрсеңдер, пазл ойыны бөлшектерінің біртұтас суретіне ұқсайды. Эму Австралияда, Нанду Оңтүстік Америкада, ал түйеқұстар Африкада мекендейді. Олар үш құрлықтың біртұтас кезінде бір атадан таралған құстиарға ұқсайды.Солтүстік Америка Оңтүстік Америка Еуропа Шамамен 65 миллион жыл бұрын құрлықтар одан әрі қарай жылжи берді. Солтүстік Америка мен Еуропа бүгінде жылына шамамен 4 сантиметрге жылжиды. Ал бұл сенің бас бармағыңның ұзындығына тең.