Жер ғарыштан көрген ғарышкерлер үшін үлкен шар тәрізді. Бірақ біздің ғаламшарымыз дөңгелек емес. Себебі, жоғарғы және астыңғы бөлігі сығылған, ортаңғы бөлігі тегіс үрленген шар тәрізді. Экватор шеңбері яғни белдеуі – 40 075 шақырым. Бұл қашықтықты жаяу жүріп өту үшін бір жылдан аса уақыт тоқтамай жүріп отыру қажет.Ғарыштан Жер көгілдір болып көрінеді, өйткені оның төрттен үш бөлігін теңіздер мен мұхиттар алып жатыр. Жердің ядросы өте ыстық – 5000 °С-тан жоғары. Жер қыртысы дегеніміз жер бетінің тау жыныстарының жоғарғы қабаты. Мантия – қалың жыныс қабаты. Ондағы температура өте жоғары, сондықтан кейбір тау жыныстары ериді. Жер ядросы тығыз жыныстардан яғни ішкі ядросы балқытылған сұйық металлдан, ал сыртқы ядросы қатты жыныстардан тұрады. Сыртқы ядро. Ішкі ядро. Жер неден тұрады? Жер бірнеше қабат тау жыныстарынан және металл ядродан тұрады. Кейбір қабаттары қатты, кейбіреуі Жер астындағы жоғары температураның салдарынан балқытылған болып келеді. Жер қыртысы теңіз басталған жермен бітпейді. Теңіз астымен де жалғаса береді.