Тараз – Жамбыл облысының орталығы. Қаланың аумағы 139 шаршы километрді алып жатыр. Қазақстанның бұл ежелгі қаласы тарихта көптеген атпен қалған: Талас, Тараз, Яны-Тараз, Наманган-Көше, Аулие-ата, Мирзоян, Жамбыл. Қаланың 2000 жылдық тарихы тікелей осы аттармен байланысты. 2002 жылы Тараз өзінің 2000-жылғы мерейтойын қарсы алды. Тараз туралы қызықты мәліметтер. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. · Тараз қаласында Айша Бибі, Бабаджа хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көп деген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады. · Таразда қаратау тауларының бөктерінде Қаратау фосфор зауыты жұмыс істеп тұр. Бұл зауыт фосфор шығарудаң әлемде беделді орындардың бірінде. Айша-бибі кесенесі · Айша бибі кесенесі — 11-12 ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. · Кесене Тараз қаласынан 18 км қашықтықта Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Қали-Жүніс Шығыс моншасы . Монша 19 ғасырдың аяғында салынған. Тараз қаласының бай тұрғыны көпес Жүніс, лақап атты «Қали» Ферғана мен Бұқара шеберлеріне салдыртқан. Құрылыс кезінде ортағасырлық шығыс моншаларының архитектуралық жиынтығы мен жылу жүйесі негіздері пайдаланылған. Монша 11 орын-жайдан тұрады. Жарық беру мен желдеткіш күмбезде қарама-қарсы орналасқан тесіктер мен үй қабырғаларының арасындағы кішкене қуыстар арқылы жүзеге асырылады. Монша көне дәстүр бойынша еденнің астынан қыздыратын каналдардың қалталары арқылы жылытылады. 20 ғасырдың елуінші жылдарына дейін монша жұмыс істеп келген. «Қысқы бақ» жылыжайы «Жасұлан» деген атпен аталған бұл қысқы бақ Қазақстандағы алдыңғы қатарлы қысқы бақтардың бірі. Қысқы бақта 500-ден астам бөлме өсімдігі өсіріледі. Жаңа технологиялар мен энергия үнемдейтін құрылғылармен жабдылған қысқы бақ өсімдіктері өте жақсы әсер қалдырады. «Һибатулла Тарази» мешіті Облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешіті 2007 жылы Еліміздің Президенті Жамбыл облысына келген сапары кезінде салтанатты түрде ашылды. Облыс орталығы, 2000 жыл тарихы бар Тараз қаласының орталық көшелерінің бірі - Төле би даңғылының бойында орналасқан. Мешіттің күмбезі үлкейтіліп, сырты мен минареті шығыс үлгісінде әрленген. Тарихи деректерге қарағанда Қазақстандағы ең алғашқы мешіттердің бірі осыдан мың жылдан астам уақыт бұрын Таразда салынған екен. Қарахан кесенесі: Қарахан кесенесі – Қазақстанда 11-ші ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. · Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде, яғни Төле би және Байзақ батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. · Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Кесенені салу тарихы қызықты. Ол Қараханид әулетінен шыққын Тарз билеушісіне салынғаны белгілі. Аңыз бойынша Айша бибіге ғашық болып, оның қайғылы қазасынан кейін кесене салуға бұйрық берген билеушінің өзі. Тектұрмас кесенесі:Тектұрмас кесенесі - Тараз қаласының оңтүстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан 15 ғасыр сәулетінің ескерткіші.«Тектұрмас» «тау жай тұрмайды» деген мағынаны береді. Кесене Сұлтан Махмұдханның жерленген орны болып саналады. Нұсқалардың бірі бойынша ол жергілікті әулие, басқасы бойынша – Қараханид әскерлерінің басқолбасшысы. Ол исламның таралуына үлкен үлес қосқан. Бауыржан Момышұлының ескерткіші. Бауыржан Момышұлының ескерткіші 2000 жылы 12 қазанда Ұлы Жеңістің 55 жылдығына және батырдың 90 жылдығына арнап салынды. · Ескерткіш Тараз қаласының орталығында, Жамбыл облысы қазақ драма театрының алдына қойылған. Шыңдалған мыстан құйылған мүсін, көлемі үлкен тұғырмен, оның етегінде жалтыратылған қызыл граниттен жайыла төселген баспалдақтармен мейлінше үйлесімділік тауып тұр. Тұғырдың бетінде гранит тақташаға Батырдың жұлдызы салынып, "Бауыржан Момышұлы" деп жазылған.