Ақтөбе туралы мәлімет: Қаланың аумағы 235 шаршы километрді алып жатыр. Халық саны 382 Ақтөбе бекінісінің құрылысы басталған 1869 жылғы 28 мамыр қаланың негізі қаланған күн болып есептеледі. Ақтөбе туралы қызықты мәліметтер. Бекініс екі жақын орналасқан төбелерде құрылған, бұл төбелердің біреуінің шыңында ақ тастан жасалған мұсылман қабірлері болған. Осыдан да «Ақ-төбе» атауы берілген деседі. Тағы бір нұсқа: қала 1869 жылы Қарғалы мен Елек өзендерінің құятын сағасында төбенің етегінде салынғандықтан «ақ төбе» атауы шыққан.Ақтөбеде бірінші мектеп 1884 жылы пайда болды. · 1901 жылы алғаш Ташкентте, ізінше Орынборда осы екі қаланы Ақтөбе арқылы жалғастыратын темір жол құрылысы басталды. 1904 жылы болат жолдың бойымен уақытша қатынас ашылды, одан кейін тұрақты қозғалыс басталды. Қазақстан бойынша тұнғыш әрі жалғыз стационарлы планетарий халықты оқыту және ағарту мақсатында ашылған. Планетарий Ақтөбе қаласында 1967 жылы қаңтар айында ашылды. Ақтөбе планетарийі ғаламат жұлдызды аспанның кереметтілігін дәріптейтін астрономиялық ағарту орталығы. Планетарийдің негізгі бөлмесі – бұл жұлдызды бөлме. Оның ортасында «Цейс» маркалы «Планетарий» аппараты қондырылған. Осы аппараттың көмегімен жасанды күмбезден жұлдыздар әлемін көруге болады. Табиғаттың тамаша құбылыстарын Күн мен Айдың тұтылуы мен, поляр шұғыласын, метеорлық жаңбыр, Күннің ұясынан шығуы мен батуын қосалқы проекциялық аппараттардың көмегімен тамашалауға болады. Сонымен қатар жұлдызды бөлмеде астрономия, ғарыш, табиғаттану бойынша қызықты дәрістер оқылады. Планетарий фойесінде көрермендер «Күн жүйесі», «Марс планетасы» және «Еліміздің ғарышкерлері», сондай – ақ астрономиялық бұрышпен танысып, көптеген мағлұмат алуына мүмкіндік жасалған. Ақтөбе Планетарийі 2008 жылы, құрамында елуге жуық Ресей және Еуразиялық Планетарилерінің ынтымақтастық ассоциациясы мүшелігіне енді. Оның негізін салушы және алғашқы директоры Н.П.Зафирис. Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры. Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры 1985 жылы 29 қарашада ашылды. 25 жыл ішінде 60-тан астам спектакльдер қойып, миллионнан астам көрерменге қызмет көрсетті. Театр репертуарында қазақ халқының ертегісі «Ұр, тоқпақ!», «Уа,Алдар!», С.Қалиевтің «Қоянның қулығы», т.б. қойылымдары екі тілде тұрақты жүреді. Театрда 16 актер жұмыс жасайды, олар барлық спектакльдерде екі тілде (орысша, қазақша) ойнайды. 2001 жылдан бері облыстық «Алақай» қуыршақ театры көптеген халықаралық фестивальдердің лауреаты, дипломанты атанды. 2007 жылы «Кәсіби мүмкіндігі жоғары театр» атағын иеленсе, 2008 жылы ТМД елдерінің ең таңдаулы «XXI ғасыр театры» деп бағаланды. Бүгінде «Алақай» театры – «Оренбургский Арбузник», «Большой Урал - Приволжье», «Рязанские смотрины», «Ортеке», «Чир Чайаан» Хакасия, «Рабочая лошадка» Татарстан, «Чаепитие в Мытищах», «Золотая маска» Россия, Болгария, Греция, Турция, «Чодари хаел» Тәжікістан, Сербия Субботица және «Ортеке» Алматы жерлерінде өнер көрсетіп, Қазақстан Республикасының бірінші Президенті қорының лауреаты, республикалық фестивалдардың лауреаты және бірнеше дүркін Халықаралық қуыршақтар театрлары фестивалінің дипломанты атанып отыр. Қобыланды батыр кесенесі: 2007 жылы салынған Қобыланды батыр кесенесі өзінің сәулет өнері жағынан ерекше және ХХIғасырда салынған құрылыстардың арасында оған тектесі жоқ кесенелердің бірі болып табылады. Формасы жағынан кесене батырдың қалқаны мен қылышы бар дулығасына ұқсайды. Кесененің биіктігі 17,5 метр, жалпақтығы – 12 метр. Кесененің жанында тас орналасқан, онда Қобыланды батыр өзінің ұзындығы үш метр, ал жалпақтығы алпыс сантиметрлі болатын қылышын қайрайды екен. Қылыш бүгінгі күнге дейін сақталып, қазір жерленген жерде сақтаулы. Қобыланды батыр қазақ халқының батыры мен мақтанышы, батыр туралы поэманың 29 нұсқасы сақталынған. Қобыланды батырдың жерленген жерінде Қобда өзенінің сол жағасында 1995 жылы жазуы бар тас қойылған. Бір жыл өткеннен кейін батырдың сүйегі қайта жерленіп, ал территориясы қоршалынды. ХХ ғасырдың 50- жылдарында жерленген жерге атақты археолог Әлкей Марғұлан келеді. Алпысыншы жылдардың соңында антрополог Ноэль Шаяхметов қазбалар жұмысын жүргізеді және Герасимов әдісі бойынша батырдың бейнесін қайта келтіреді. Жаманшин метеоритттік кратері Ақтөбе облысының территориясында үлкен метеориттік кратердің түскен жері бар, ол бұл жерлерге миллион жыл бұрын түскен деп болжанады. Жарылыс энергиясының болғандығы сондай, ол барлық осы жердегі жердің ең төменгі қабатында жататын жоғарғы деңгейдегі геологиялық бөлінділерді шығарады. Кратердің диаметрі (дуалымен бірге) соңғы мәліметтер бойынша 13 км маңайында, ал тереңдігі бүгінгі күндегісімен салыстырғанда 300 метрдей. Жаманшин – бұл өте ерекше жер. Бұл жерде аяқ астынан тасқа айналған ұлулар мен маржандарды, сонымен қатар, ғалымдар жүздеген жылдар бойы дауласып келе жатқан қара және қоңыр-жасыл түстерден құралған тектиттерді табуға болады. Олардың біреулері тектиттер- жарылыс кезінде пайда болған жердің бір түрі десе, ал қалғандары материалдың жер емес ал комета ядросының құрамды компоненттеріндегі заттар болып табылады деп дауласады .Бірлік және Келісім бульвары. Бірлік және Келісім бульвары 2009 жылы Ақтөбе қаласының 140 жылдық мерейтойына орай ашылды. Аумағы 64 мың шаршы метрді алып жатыр. Бульварда «Шаңырақ» монументалдық-көркем ансамблі, амфитеатр және музыкалық субұрқақ орналасқан. 170 орынды амфитеатр көрермендерге ойын-сауық бағдарламаларын ұсынады. Ал музыкалық субұрқақ қазақ әндері мен танымал классикалық шығармаларды репертуарына қосқан. Жолаушылар аллеясы гүл алаңымен, гүлзарлармен, шамдармен, жайлы орындықтармен және өзге де шағын архитектуралық формада абаттандырылған. Президент Ақтөбеде жаңа қалалық Бірлік және Келісім бульварының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл бульвар қаланың 140 жылдық мерейтойына арнайы ашылған негізгі объектілердің бірі болып табылады. Кеңес Одағының Батыры Ә. Молдағұлованың облыстық мемориалдық мұражайы.Мұражайды құрудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру. Әлия музейі жұмысының мазмұны - батыр қыздың өмірі мен ерлігі туралы мәліметтерді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу болып табылады. Музей 1985 жылдың 22 сәуірінде Ақтөбе қаласында, Ұлы Жеңістің 40 жылдығына және Батыр қыздың 60 жылдығына орай салтанатты түрде ашылды. Музей көпшілікке мәдени және әскери-патриоттық тәрбие беру орталығы болып табылады. Музейдің негізгі жұмыс бағыттары – ғылыми- зерттеу, танымдық, жинақтау және жалпы мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру. Музейді ашу құқығы Әлияның апасы әрі жақын досы – Сапура Молдағұлова мен облыстық атқару комитетінің төрағасы С.Сағынтаевқа берілді. Туған жерінде Ә.Молдағұлованың музейінің ашылуы – батыр қызды ардақтап, құрмет тұтудың белгісі.