Қарағанды туралы мәлімет: Қарағанды – кеншілер қаласы. Биыл қала 80 жылдығын атап өтуде. Қаланың аумағы 497,8 шаршы километрді алып жатыр. Халық саны 485,3 мың адам. Қарағанды туралы қызықты мәліметтер: Қaрaғaнды aтaлу себебi - "қaрaғaны қaлың өскен жер" мaғынaсынaн шыққaн. Ең алғаш бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Жер көлемі бойынша Астанадан кейінгі екінші қала. Қарағанды Мемлекеттік медициналық академиясы өте сапалы білім береді. Қарағанды экологиялық мұражайы: ЭкоМұражай 1995 жылы қоғамдық бірлестік ретінде құрылды · Мұнда Қазақстан табиғи ресурстарының әр түрлілігі, олардың шығаруы мен кейінгі өндеуі туралы, Семей ядролық полигонының тарихы мен қазіргі қауіпсіздігі жөнінде, Байқоңыр ғарышалаңы мен ракеталардың апатқа ұшырағаны мен қирағаны туралы білуге болады. Мұражайдағы бірегей экспонаттардың бірі 1999 жылы Қазақстан аймағына құлап түскен «Протон» ракета тасымалдаушының отын багы (жанармай багы). Мұражай қызметінен бөлек Экомұражай баламалы энергетиканы дамыту бойынша инновациялық жобаларды іске асырады, экологиялық зерттеу және жобалау қызметін атқарады, қолайсыз аудандар тұрғындарының экологиялық құқығын қорғау бойынша көпжылдық іс-шараларды жүргізеді. Қарағанды циркі: Қарағанды циркі – қаланың ең танымал ғимараттарының бірі.Цирк сәулетші Александр Бойковтың жобасымен 7 жыл ішінде салынды. Цирк өзінің алғашқы көрермендерін 1983 жылды 14 ақпанында қабылдады. 2008 бен 2009 жылдары 26 жыл ішінде күрделі алғашқы жөндеу жұмыстары жүргізілді.Қарағанды хайуанаттар бағы:Қарағанды хайуанаттар бағы 1938 жылы құрылған. Ол – Қазақстанда жұмыс жасап тұрған үш бақтың бiрi. Жалпы алып жатқан жер көлемi – 43,48 гектар, игерiлгенi – 8 гектар. Хайуанаттардың 184 түрi бар, ал жалпы қор 873 бiрлiк. Бақта жылына сегiз жүзге тарта аң мен құс дүниеге келедi. Олардың арасынан арыстан, арқар, құлан, тотықұс сияқты табиғатта сирек кездесетiн түрлерiн атап өтуге болады. Хайуанаттар бағын жылына сексен мыңнан астам қарағандылықтар мен қала қонақтары тамашалайды. Кеншілер мәдениет сарайы: Кеншілер мәдениет сарайы Қарағанды қаласының басты ерекше ғимараттарының бірі. 1940 жылы салынып, 1952 жылы қолданысқа берілген. Облыстың барлық ірі іс-шараларының барлығы осы ғимаратта өткізіледі. Кешен 1000 адамға арналған көрермендер залынан, вестибюлден, жоғарғы және төменгі қабаттағы 2 фойеден тұрады. Ғимараттың алдыңғы жағы 6 колоннадан тұрады.