Бас сүйек

/upd/2015/0824/144043232955db40c9b142f5.48198345.jpg

    Бас сүйегіміз миды қорғайды және сондай-ақ көз, құлақ, мұрын және ауыздың байланыстарын қамтамасыз етеді. Бас сүйегіне қараған кезде құрылымы жағынан өте қарапайым көрінеді, алайда адам қаңқасының ең күрделі бөлігі бас сүйегі болып табылады. Бас сүйегімізде бір-бірінен өзгеше жалпы 22 дана сүйек өзара байланыс ішінде. Ал сүйектерімізді осыншалықты қуатты, төзімді қылатын не нәрсе? Бұл сұрақтың жауабы - жоғарыда қысқаша айтып өткеніміздей сүйектердің ұқсасы болмаған жаратылысында жасырынған. Сүйектердің іші, ара ұясының тесіктеріне ұқсаған тор іспеттес. Сондықтан сүйектер өте төзімді, әрі еркін қолдана алатындай жеңіл болады. Егер керісінше болғанда, яғни сүйектердің ішкі жағы да сырты сияқты қатты және толы болғанда сүйектер өте ауыр болар еді. Сонымен қатар еш майыспайтын болатындықтан, жай ғана соққыда, мысалыға қолымызды дуалға жай ғана ұрған жағдайда сынып кетер еді. Бірақ Аллаһу та’ала аса мейірімді болғандықтан сүйектерімізді қолайлы етіп, ешбір зиян көрмейтіндей халде жаратқан.    
    Сүйектер ғалымдардың өте көп мән берген және қолдан жасай алу үшін қаншама жылдар бойы зерттеу жүргізген элементтен құралады. Өте жеңіл болғанымен, өте төзімді және ең маңыздысы өз-өзін жөндей алатын қабілетке ие болған бұл элемент өз алдына өсе де алады. 4-5 жасар кезіміздегі бойымыз бен 19-20 жасар  кезіміздегі бой ұзындығымыздың бірдей болмауының себебі сүйектеріміздің өсуі. Сондай-ақ бұл жағдай пропоционалды түрде болады. Аяқтарымыз өсіп жатқан кезде қолдарымыз да өседі және қолдарымыздың, аяқтарымыздың саусақтары үйлесімді халде өседі және бүкіл сүйектеріміз тоқтайтын уақыты келгенде тоқтайды. Ғалымдар адамның денесіндегі сүйектің құрамындағы элементке ұқсас бір элемент жасау үшін әрекет етуде. Бірақ осы күнге дейін ешкім мұндай ерекшеліктегі элементті жасай алған емес. Раббымыздың мейірімділігімен сүйектеріміз біздің рахат өмір сүруімізді, қиын әрекеттерді еш қиналмай жасай алуымызды қамтамасыз етуде.    
/upd/2015/0824/144043325555db4467d2cb99.16607830.jpg    Жоғарыда сүйектеріміздің бір-біріне жалғанған жерлерінде буындар бар екенін айттық. Мысалы, шынтағымызды, тізелерімізді өмір бойы сол жердегі буындар арқылы бүгіп-жаямыз. Бұл буындар өмір бойы қимылдап, әрекет етіп тұрса да май жағуды қажет етпейді. Бірақ дәл осы сияқты әрекет ететін механизмдер күтім жасауды қажет етеді. Мысалы велосипедтің педалдарын немесе шынжырын белгілі бір уақыттарда майлап тұру керек. Өйткені қолданғаннан кейін ол жердегі майлар азайып, әрекетке түсуі қиындайды.  Сол сияқты сүйектеріміздің жалғанған жеріндегі буындар да үздіксіз қолданылады. Бірақ олардың майларын жаңалаудың қажеті жоқ. Не үшін бе? Бұл сұрақтың жауабын ғалымдар зерттей келе, мына шындықты анықтаған:
    Буындардың сыртқы қабаты жұқа және тесік-тесік болады. Ал ішкі жағында тайғақ бір сұйықтық бар. Сүйек, буынның бір жеріне қысым түсіретін болса, бұл сұйықтық  тесіктерден сыртқа ытқып шығып, буынның үстіңгі жағының май сияқты сырғуын қамтамасыз етеді. Бүкіл осылардың барлығы адам денесінің керемет жаратылыс екенін көрсетуде. Біз бұл керемет жаратылыстың арқасында әртүрлі әрекеттерді өте жылдам және еркін жасай аламыз.