Шымқала – Шымкент

     Қаланың аумағы 300 шаршы километрді алып жатыр.Халық саны 683 мың адам.Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан.  «Шымкент» сөзі (түрікше «шым» – алқап, қойнау, «кент» – иранша елді мекен) «Жасыл қала» деген мағынаны білдіреді.  Шымкент қаласы 1932 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Тұрғындарының саны, экономикасы және мәдени маңызы жағынан Алматы, Астана қалаларынан кейінгі республиканың үшінші қаласы. «Кең баба» этносаябағы · Қаланың дәл ортасында орналасқан «Кең баба» этносаябағы 2001 жылы салтанатты түрде ашылды. Аумағы 3,5 га жерді алып жатыр. Саябақ ұсталар мен қолөнершілер ауылы, Келісім алаңы, суретшілер галлереясы, 7 ұлттық-мәдени павильондар ғимаратынан тұрады. Сонымен қатар, ол жерде құмдағы «Сафари» ертегі қалашығы, Ақсу сарқырамасы, субұрқақтар, спорт алаңдары, дәмханалар бар. Саябақта аққуларларды тамашалауға болады.Саябақты қайта жөндеу кезінде бірде-бір жасыл ағаш кесілмеген. «Тәуелсіздік» саябағы: «Тәуелсіздік» саябағы еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып салынған. Саябақты Елбасы өзі салтанатты түрде ашқан. Саябақтың триумфті – 15 метрлік қақпасын аттаған тұста, 1991 жылдан – күні бүгінге дейінгі елімізде орын алған тарихи маңызды оқиғалар тасқа қашалып жазылған. Көлемі 5,8 гектар алқапты құрайтын аумаққа “Ел бірлігі” монументі орналасып, “Тәуелсіздік шежіресі” аллеясы салынды. Онда еліміздің әр жылдардағы жарқын тарихы мәрмәр тастарға ойып жазылған. Саябақтағы тағы бір Қаланың аумағы 300 шаршы километрді алып жатыр. Халық саны 683 мың адам. Шымкент туралы қызықты мәліметтер:Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан. «Шымкент» сөзі (түрікше «шым» – алқап, қойнау, «кент» – иранша елді мекен) «Жасыл қала» деген мағынаны білдіреді. Шымкент қаласы 1932 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Тұрғындарының саны, экономикасы және мәдени маңызы жағынан Алматы, Астана қалаларынан кейінгі республиканың үшінші қалас.«Кең баба» этносаябағы · Қаланың дәл ортасында орналасқан «Кең баба» этносаябағы 2001 жылы салтанатты түрде ашылды. Аумағы 3,5 га жерді алып жатыр. Саябақ ұсталар мен қолөнершілер ауылы, Келісім алаңы, суретшілер галлереясы, 7 ұлттық-мәдени павильондар ғимаратынан тұрады. Сонымен қатар, ол жерде құмдағы «Сафари» ертегі қалашығы, Ақсу сарқырамасы, субұрқақтар, спорт алаңдары, дәмханалар бар. Саябақта аққула нысан ол – «Алтын шаңырақ» ел бірлігі тәуелсіздік монументі. Елімізде мекен етіп жүрген барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің барельефі бейнеленген алып гранит тұғырдан 137 тік тіреуден тұратын композиция көтеріліп, шаңырақты ұстап тұр. Ондағы 137 тіреу еліміздегі 137 ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатқандығын білдіреді.«Оңтүстік-цирк»  Цирк 2011 жылы еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылды. 1200 көрерменге негізделген «Оңтүстік-Цирк» ғимаратының биіктігі 36 метр.  Жалпы көлемі 3,5 гектар, ал аумағы 5579 шаршы метрді құрайды.  Мекемеде 12 бөлім, 172 қызметкер жұмыс істейді. Оның 92 шығармашылық қызметкерлер. Хайуанаттар бағы: Шымкент хайуанаттар бағы — Қазақстанның ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі. Шымкент хайуанаттар бағы 1980 жылы ашылды. Жер көлемі 54 га, оның 34 га аумағында экспозиция орналасқан. Жануарлардың саны – 1600 бас. Зообақта 6 секция жұмыс істейді, онда жануарлардың 185 түрі ұсталады, олардың 20 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қажет жем-шөптің 25%-ын хайуанаттар бағы өзінің 30 га жерінен қамтамасыз етеді.