Апорт – Алматының символы. Еліміздің астанасы мәртебесін Алматы 70 жыл атқарды. Қала атауы бірнеше рет өзгерген: Алматы, Алмату, Алмалык, Заилийский, Верное, Верный, Алма-Ата. Алматы күні – жыл сайын қыркүйек айының 3-ші жексенбісінде тойланады. Қалада 120-дан астам су бұрқақтары бар. Көктем мезгілінде қалада «Су бұрқақтар күні» мерекесі өткізіліп, шара барысында қаладағы барлық су бұрқақтар бір сәтте іске қосылады. Қаланың аумағы 682 шаршы километрді алып жатыр. Халық саны 1,6 млн.«Медеу» мұз айдыны. «Медеу» мұз айдыны 1972 жылы тұрғызылған. Ол теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан, мұз жабындысының ауданы – 10500 м2. Сырғанау маусымы – жылдың 8 айы. Бұл жерде 200-ден астам әлемдік рекордтар жасалған. Сондықтан Медеу «рекордтар фабрикасы» деп аталып кетті. «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты 1954 жылы ашылған тау-шаңғы спорт комплексі. Медеу мен Шымбұлақ арасында жүретін 4,5 шақырымдық аспалы жолдар салынған. Тау шаңғы трассаларына 2 орындық, 1 орындық және бугельді арқан жолдары және тегін буксир көтергіш арқылы көтеріле аласыз. «Медеу-Шымбұлақ» аспалы жолы – әлем бойынша ұзындығы жағынан үшінші орында. Көк төбе · Көк төбе – Алматы қаласына панорамалық шолу жасайтын орын. Аспалы жолмен әуе трамвайы арқылы көтеріліп, қаланы тамашалауға болады. Оның ұзындығы 1727 метрді құрайды. Жолға кететін уақыт — 6 минут. · Көк төбеде қаланың символына айналған, биіктігі 372 м болатын телевизиялық мұнара орналасқан. «Айя» Қиял әлемі» саябағы.Саябақ 1997 жылы 29 желтоқсанда ашылған. Аттракциондардың саны қырық шамасында. Оның 10 экстремалды, қалғандары балаларға арналған және отбасылық. Хайуанаттар бағы · Алматы зообағы 1937 жылы құрылған. Аумағы 21 га жерді алып жатыр. 7 секцияда хайуанаттардың 330 түрінің 5007 данасы тіршілік етеді. Олардың ішінде: 67 балық түрі, 74 амфибия, рептилия және экзотикалық сүтқоректілер түрі, 127 құс түрі, 29 тұяқтылыр түрі, 26 жыртқыштар түрі, 7 приматтар түрі бар. Метрополитен · 2011 ж. 1 желтоқсанда Алматы метросы салтанатты түрде ашылады. Бұл метрополитен техникалық жағынан ТМД елдері арасынан ең үздік болып саналады. Ұзындығы 8,56 км құрайтын алғашқы бағыт 7 бекеттен тұрады. Обсерватория: Обсерваторияның негізі Астрофизикалық институттың аумағында 1947 жылы қаланды. Кешкі уақытта обсерваторияда экскурсиялар өткізіледі. Экскурсиялардың басталу мерзімі күннің бату уақытына байланысты. Мұнда обсерваторияның ішімен танысып, астрономия туралы дәріс тыңдауға және телескоп арқылы жұлдыздарды, айды, планеталарды тамашалауға болады.