Достар, біз бүгін сендермен еліміздің бас қаласы – Астанаға саяхатқа аттанамыз. Cапарымыз қызықты және әсерлі болады деген сенімдемін. Ендеше кеттік! Астана туралы мәлімет: Астананың бұрынғы атауы – Ақмола.Еліміздің астанасы Алматыдан Астанаға 1997 жылы ауыстырылды.6 шілде – Астана күні:Астана туралы қызықты мәліметтер. Астана – әлемдегі суық астаналардың қатарында. Ұлан-Батор қаласынан жылырақ, ал Оттавадан суық. Әлемдегі екі елдің астанасының атауы «Астана» деген мағына береді: Сеул және Астана қалалары. Бәйтерек: Бәйтерек – Астананың символы. Оның биіктігі 97 метр, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысқан мезгілін білдіреді.Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 түрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Және онда біздің Президентіміздің қолының таңбасы бар. «Бәйтерек» монументін салу идеясына самрұқ құс туралы аңыз арқау болған. Мұхит арал: «Думан» ойын-сауық орталығының Мұхитаралы — ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Мұхитарал түбінде шыныдан жасалған 70 метрлік дәліз бар және әр түрлі көлемді 11 аквариумды 2 үлкен көрме аймағынан тұрады. Мұнда жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100 астам түрінен тұратын 2 мыңнан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда. Онда скат, ақ акула, теңіз жұлдыздары, шаянды, медузаны және басқа балық түрлерін көруге болады.«Атамекен» Қазақстан картасы: «Атамекен» Қазақстан картасы арқылы Қазақстанды алақандағыдай көріп, оның сәулеттік-ландшафтық тарихымен таныса аламыз.Қазақстанның әлемге әйгілі қалалары, ғимараттары, ескерткіштері кішірейтілген үлгімен жасалып, 1,7 гектар жерге сыйдырылған.Хан Шатыр: Хан Шатыр Орталық Азиядағы ең үлкен ойын-сауық және сауда орталығы, және әлемдегі шатыр іспетті ең биік ғимарат. Табиғатта түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл-желектерді Тропикалық су бағы мен алыс Мальдив аралдарынан арнайы әкелінген жұмсақ құм төселген керемет жағажай орталықтың ең қызықты орындарының бірі. Хауыздардың бірінде орналасқан жасанды толқын әсерлі көрініс береді. Осы жерде жылдың кез-келген мезгілінде тура Жерорта теңізінде демалып жатқандай сезімге бөленіп, рахат алуға болады. Есіл өзенінің жағалауы. Есіл өзені: Сарыарқадағы Нияз тауынан басталып, Батыс Сібірге жеткенде Ертіске барып қосылады. Астананы екіге бөліп жатқан Есілдің жағалауы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны. Есілді теплоход, қайық, катамаранмен серуендеп, қаланы тамашалауға болады. «Хазірет Сұлтан» мешіті «Хазірет Сұлтан» мешітіне Қожа Ахмет Иассауи хазретінің аты берілді. «Хазірет Сұлтан» мешіті Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт және Қазақстан бойынша ең үлкен күмбезді мешіт. Мешіт бір сәтте 10 мың адамды сыйғыза алады.