Біз-қазақ, төсте малын баққан елміз,
Бірлігін үкі қылып таққан елміз.
Татулықтың байрағын биік ұстап,
Бейбітшілік алауын жаққан елміз.
Біз қазақ тарихымен мақтанамыз,
Әрбір күліп атқан таңнан бақ табамыз.
Абылай хан, Қасым, Жәңгір тұсында да,
Салт-дәстүрді ұмытпай сақтағанбыз.
Қазақтың батырлары болған текті,
Тарихыма арқау болып солар жетті.
Соның бірін айта аламын еш жасқанбай
Әрі батыр, әрі ақын Махамбетті!
Қазақ халқы тең емес пе бар асылға,
Бірақ бізге өзгелердің жаны ашыр ма?
Қазағымның дамуын қалдырды артта,
Жоңғардың шабуылы сан ғасырға.
Айналайын, қазақ елі, күлімдеген,
Тарихыңнан сыр шеттім жырымменен.
Елім дейтін ұлдарың қайдан болсын,
Ел болмаса егерде ұлым деген.
Қаладық біз сәбилердің тоқтығын,
Артта қалды қиын күндер жоқ бүгін.
Кеше ғана еңсесі биік ел болдық,
Желбіретіп тәуелсіздік көк туын.
Ел болдық біз бұзылмайтын қорғаны,
Мәлім болды бар ғаламға ол жағы.
Артта қалды асуларың сан қилы,
Енді туың құламаса болғаны.
Бұл күндерді аңсаған аналар да,
Шуақ болып шашылып барады алға.
Болашаққа саралы жол салып берген
Мың бір алғыс өр тұлғалы бабаларға!
Бүгін таңда достықты ту еткенсің,
Қазақ елім, құламайтын бір өткелсің.
Бейбітшілік болсын деп мәңгі елімде,
Бұл шумақтар төгілді жүректен шын!
Ақниет 12 жас Шымкент қаласы