Отан – асыл, Отан – ана мен үшін.
Жаным пида елім үшін, жер үшін.
Отан маған мұрасындай атамның,
Қымбатсың сен, қастерлісің сол үшін.
Отан, менің тұнып жатқан сырымсың.
Отан, менің айтылатын жырымсың.
Әлемдегі көрікті де, көз тартар,
Ең бір ғажап, ең әдемі гүлімсің.
Отан, менің нұрын шашқан күнімсің,
Отан, менің жарқылдаған үнімсің.
Үлкен-кіші өлең құмар, жыр сүйер,
Қасиетіңді жырларымнан ұғынсын.
Сенен асқан жерұйық жоқ әлемде,
Асқақтай бер, өркендей бер, тағы өрле.
Құрмет тұтып, қадірлейтін сүйініп,
Көшбасшы боп көрінесің бар елге.
Отан – ана, отан – асыл тірегім,
Өзің деп қана соғар менің жүрегім.
Даңқың шығып, көтерілші биікке,
Осы менің жалғыз ғана тілегім.
Байсалбай Гүлсезім 14 жаста Қызылорда облы Қазалы ауданы, Кәукей ауылы.