Бабадан қалған бұл қобыз,
Қорқыт бабам жырлаған.
Жиылған жұрт құлақсап,
Ұйып оны тыңдаған.
Көл бетінде аққуды,
Тебірентіп үйреткен.
Ұяда жатқан жыланды,
Жыбырлатып билеткен.
Қайран менің қобызым,
Құрманғазы, Дина апам.
Күмбірлетіп күй тартқан,
Күмбірлеген дауысы
құлақтың құрышын қандырған.
Қазағымның мұң зарын,
Домбырамен жырлаған.
Ұлы Кенен бабамды,
Ұлтым қазақ тыңдаған.
Сан ғасырдан естелік,
Жаңғырды бізде Күлтегін.
Қазағымның тарихын
Тайға таңға басқандай,
Ұрпағына жырлаған.
Салт-дәстүрді сақтайық,
Жаман жолға баспайық.
Бабадан қалған мұраны,
Мәңгі есте сақтайық.
Меркі ауданы: А Сәрсенбаев.