Күйік

        /upd/2015/1205/1449296755566283737e5974.99746531.gifБалалықтың табиғатына тән болған қызығушылықтан және алда болатын қауіп-қатерді ойламаудың нәтижесі әрине көптеген қауіптерге себеп болатынындай күйіктің де бірден-бір себебі. Алайда бұған да отбасының немқұрайлы қарамауы өте маңызды роль атқарады. Отбасы мүшелері қауіп-қатерден хабарсыз болған баласын әрдайым қорғап жүруі керек. Күйіктен сақтаудың ең оңай жолы – баланы қауіп-қатер көздерінен ұзақ ұстау болып табылады.
       Мұндай жағдайда қандай көмек көрсету керек?
»  Жалпы кез келген күйік орын алған жағдайда ең маңыздысы жедел жәрдем көрсету. Өйткені дене температурасының көтерілуіне себеп болатын инфекция және шошыну қауіптері төнуі мүмкін.
»  Күйікке жасалатын алғашқы көмек күйген жерді суық суға салып тұру. Күйген жерінің айналасында кір, ластық бар болса, микроб жұқпауы үшін кір жерлерін сабынды сумен жуып, бинтпен таңып, емханаға алып бару керек.
»  Жеңіл күйіктер терінің үстіңгі қабатында орын алатын күйіктер болып табылады. Көлемі бойынша кішкентай болған жеңіл күйіктің емдік шарасы үйде жасалады. Егер терең зақымданса, теріні және денені толық зақымдайды. Мұндай күйіктерді емдеу үшін міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.
»  Электр тоғына түскен жағдайда, дереу электр тоғын өшіру керек. Егер бұл мүмкін болмаса, металл емес (сыпырғыш, ағаш, жастық, газет сияқты) затпен тоқ көзінен баланы алшақтату керек. Күйіктің дәрежесіне қарай жедел жәрдем шақырып ауруханаға апару керек.
»  Киімі өртенген баланы дереу жерге жатқызу керек. Үстіне бір шелек су төгу керек немесе қалың пальтомен жалынын басатындай етіп жабу керек. Электрлік күйіктерге су төгуге мүлдем болмайды. Жалыны басылғанда киімдерін кесіп немесе жыртып алу керек. Теріге жабысып қалған киімдерді алу үшін баланы қинамау керек. Киімдерімен қоса суық жерде ұстау керек.
»  Күйген жерге тіс пастасын, күнбағыс майын, бал, шам, томат пастасы сияқты нәрселер жақпау керек. Терінің күйген жеріндегі күлдіреген ісіктерді жаруға болмайды. Ол үшін дәрігердің кеңесіне жүгіну керек.
»  Күйіктің ауруын басу үшін балалар үшін құрамында белгілі мөлшерде парацетамолы бар таблетка немесе сұйық дәрі беруіңізге болады. Күйген балаға сұйық сусындарды мол мөлшерде ішкізу керек. Күйген жерін жоғары ұстаса, қан аз баратындықтан шаншып ауруы бәсеңдейді.