Қояндар – сүтқоректілердің бір тұқымдасы, олардың 50-ге жуық түрлері бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Дене тұрқы: Салмағы орташа 0,1 – 4,5 кг, дене тұрқы 12 – 75 см болады. Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын. Сондықтан биіктеу жерлерге тез көтеріледі, ал биіктен түсерде қоян қиналады, кейде домалап та кетеді. Кей ертегілерде қоянды «қыли» деп атайды. Неліктен? Қоянның көзі басының ортасында емес, екі жағында орналасқан. Ол артынан, не жанынан кездесіп қалған аңды тез байқап қалады. Тісі өткір. Мекендейтін жерлері: Шөл-шөлейтте, орманды далада мекендейді.Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Демек оларды әлемнің кез-келген жерінен кездестіруге болады Қорегі: Қояндар өзіне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды. Бұта түбінде, орман жиегінде тіршілік етеді. Түнге қарай азық іздеуге шығады.Көктем, жаз айларында жасыл шөп, өсімдік тамырларымен қоректенеді. Ал қыста қалың қар астында тығылады.Қыс мезгілінде орманда азық өте аз болғандықтан қояндар кейде бақша дақылдары егілген жерлердегі қырыққабат, сәбіз қалдықтарын жейді. Күз мезгілінің аяғында күздік егіс көктеп, қар астында басылып қалады. Кейде қояндар осындай егіске тап болса, қар астынан шұңқыр қазып күздік егіспен қоректенеді. Қыс мезгілінде қояндар жас теректердің қабығын кеміріп жейді.
Дыбыстан қашып,
Қаққан безек.
Қорқақ, жасық,
Бұл не..... ? Әрине, бұл қоянның көжегі. Ол да қоян секілді сыбдыр ести қалса, қаша жөнеледі. Қоян – басқаларымен салыстырғанда, өте өсімтал жануар. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды. Көжегібірден жүріп кетеді. Көзі ашық, ширақ болып туады, кішкентай, терісі мамық секілді.Қоян көжегін сүтімен асырайды. Қоянның сүті өте нәрлі болады, ол сиыр сүтінен алты есе майлы. Сондықтан көжек 3 - 4 күн бойы ашықпайды.Бірнеше күн өткен соң көжектер жасыл шөпті жеп үйренеді. Қоянның жауы көп: Оны қасқыр да, түлкі де, сілеусін де, құну да, сондай-ақ үкі мен бүркіт те аулайды. Бұл сәттерде қоян өзінің жүйріктігіне байланысты кейде құтылып кетеді.Дегенмен ересек қоянды алу оларға үнемі оңай бола бермейді, ол өзінің өмірі үшін шайқаса біледі, яғни шалқасынан жата қалады да, тырнағы сояудай артқы аяқтарымен жауына тойтарыс береді. Аңшылар тірі қоянды құлағынан ұстап көтермеу керектігін біледі, ал егер көтере қалса, ол кәдімгідей жарақаттауы мүмкін. Қазақстанда кездесетін түрлері: Ақ қоян – негізінен қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптепкездеседі.Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді.Кейде ақ қоянды аңшылар байқамай қалады. Құм қоян – қояндардың ішіндегі ең кішісі. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді. Ор қоян – қояндардың ішіндегі ең ірісі. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында таралған. Шөл, шөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Қояндар еті, терісі мен түбіті үшін ауланады. Еті дәмді, балаға, қарт адамға және бауыры мен асқазаны ауыратын адамдарға пайдалы. Қояннан тері, түбіт алады. Терісі жеңіл, әдемі, жылы манто, жакет, ішік, жаға, құлақшын тігеді. Түбіттен әртүрлі тоқыма бұйымдар дайындайды.
Қызықты мәліметтер:Қояндар шамамен 9 жылға дейін, ал ұрғашылары 5 жылға дейін тіршілік етеді.Ұзын құлақтары жаздың ыстық күндері дене қызуынан қорғануға көмектеседі. Олар денеден жылуды белсенді түрде шығарып отырады. Жаңбыр кезінде құлақтарына су кірмеуүшін және суықтап қалмау үшін құлақтарын ішке қарай бүгіп алады. Сағатына 50 км жылдамдықпен күрделі бұрылыстар жасап, қаншама қашықтықтарға дейін артқы аяқтарымен секіріп жүре алады. Тіпті олардың аяқтары кәдімгі серіппе секілді десе де болады. Қояндардың тістері өмір бойы өседі. Қорегін кемірген сайын қажалып, әрдайым өсіп отырады. Қояндар негізінен шөптесін өсімдіктермен ғана қоректенбейді, сонымен қатар етпен де қоректенеді. Қыста қарын бөлігіндегі жүндері және мұрын айналасындағы түктері бірнеше миллиметргеөсіп, оны аяздан қорғайды. Олар жылдамдықтарын 72 км/сағ-қа дейін арттыра алады.