» Жаңғақ мидың сыртқы көрінісіне ұқсайды және ми қызметтері үшін өте пайдалы.
» Батат (тәтті картоп) ұйқы безіне ұқсайды және қант диабетіне пайдалы және оның гликемикалық көрсеткішін реттейді.
» Шоқ жүзім жүректің сыртқы пішініне ұқсайды. Ал жүзімнің әрбір данасы қан жасушалары іспеттес. Зерттеулерде жүзімнің жүрек пен қанды сергітуші азық екендігі анықталған.
» Қызанақ та адамның жүрегі секілді төрт камерадан тұрады және қызыл түсті. Барлық зерттеулер қызанақтың жүрек және қан айналымына өте пайдалы екеніндігін көрсетеді.
» Лобияның пішіні бүйрекке ұқсайды және бүйрек қызметтерін жақсартуда өте пайдалы.
» Иісті балдыркөк (сельдерей), қытай қырыққабаты және рауғаш (ревень) сүйектерге ұқсайды. Бұл азықтар сүйекке өте пайдалы, натрий мөлшерлері бірдей және 23 %-ын құрайды. Күнделікті азығымызда натрий жетіспеген жағдайда, дене бұл қажеттіліктерін сүйектерден ала бастайды бұның салдарынан сүйек әлсірейді. Ал бұл азықтар қаңқаларымыз үшін өте пайдалы.
» Көлденең кесілген сәбіз тілімі адамның көзіне ұқсайды. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде сәбіз көздің қан айналымын және көру қабілетін жақсартатыны анықталған.
» Баклажан, авокадо және алмұрт әйелдердің жатыр мүшелерінің қызметтерін жақсартуға өте пайдалы. Зерттеулерде әйелдердің аптасына бір дана авокадо жеулері гормондардың реттелуіне және жатыр мойыншығы қатерлі ісігінің алдын алуда пайдалы екендігі анықталған.