Кокос – пальмасының шырынды жемісі. Кокос пальмасының шыққан жері – Зонд аралдары мен Полинезия аймағы саналады. Кокостың тропикалық аймақтар мен алыс аймақтағы аралдарға таралуы екі жолмен жүзеге асқан: пальмадан су бетіне құлаған жемісі (оның суға түскен жемісі 110 күнге шыдайды) және адамдардың тасымалы арқылы. Бүгінде Оңтүстік-Шығыс Азияның 5 млн.га жерін кокос пальмасы алып жатыр. Сондай-ақ, олар Үндістанда, Кариб аралдарында, Гавай аралдарында, Оңтүстік Флоридада, Оңтүстік Калифорнияда өсіріледі. Ағаштың биіктігі 25 метр, ал жапырақтарының ұзындығы 4 метрді құрап, 15-20 жеміс береді. Жемістің ішінде сүт (немесе шырын) пен жұмсақ ет бар. 8-10 айда толық піседі. Пісіп-жетілмеген кокос жемісінде (5 ай) жарты литрден астам мөлдір түсті қышқыл сұйықтық болады. Жаңғақ әбден піскенде, осы сұйықтық қоюланып, жұмсақ етке айналады. Бұл жұмсақты "копра" деп атайды. Кокос жаңғақтарының диаметрі 30 сантиметрден асады, ал салмағы 2-4 келідей шығады. Кокос пальмасы 7-13 жас аралығында жемісбереді. 60 жылға дейін өнім беріп, 90-100 жасқа дейін жасайды.
Қолданылатын жерлері: Кокос жаңғағы өте дәмді әрі пайдалы.Аспаздық салада кокос сүті сергітетін сусын ретінде қолданылады. Жұмсақ еті салатқа, сорпаларға, соустарға теңдессіз дәм береді. Езілген ұнтағы тәттілерді безендіруге қолданылады және балық, етті қуырғанда аунатылады. Медицинада кокос жаңғағы адамның иммунитетін, күшін нығайтып, көздің көруін жақсартады, микробқа қарсы тұра алады. Ал кокос сусыны сахар диабетімен ауыратындарға, жүрек-қантамыры ауруларына жақсы әсерін береді. Мамандар кокос майын сүйекті, тісті нығайту үшін, остеопороза ауруы барысында қолдануға кеңес береді. Косметика саласында кокос майы теріні нәрлендіріп, жылтыратады, әжімдерді жазады. Қабығынан әр түрлі токарлық бұйымдар жасалады. Талшықтарынан төсеніштер тоқылады арқан есіледі.
Дәрумендері: Жемісінде барынша энергия мөлшері жоғары. 100 гр кокостың калориясында 662 ккал энергия бар. Бір кокостың суы ағзаның бір күндік қорегі болған С дәруменінің мөлшерін толықтырады. Суының құрамы натрий, калий, кальций, магний, железо, мыс, фосфор, күкірт, хлор, жәнеА, В дәрумендеріне бай.
Кокостың пайдалары:
Асқазан ауруларына пайдалы. Несеп айдағыш сусын және ішқатуды болдырмауға көмектеседі. Бүйректегі тас пен құмды түсіреді. Қақырықты кетіреді. Ауыздағы жағымсыз иісті кетіреді. Сал мен діріл ауруларына пайдалы. Нәрлі, күш беруші және семіртуші азық болып табылады.