Папайя – тропикалық жемістердің бірі. Жемісін күніне миллиондаған адамдар тұтынады.Папайя жемісі пішіні, дәмі және құрамы жағынан қауынға ұқсайды. Сол себепті “қауын талы” деп те атайды. Салмағы 6-7 кг дейін барады. Жап-жасыл қалың қабығы піскен кезде сап-сары болып шығады. Жеуге жарамды бөлігі – қызғылт сары мәйегі. Ішкі қуысы 700-ден астам дәнектерден тұрады.Дәнегі қара бұрыш секілді өте ащы болып келеді. Папайяның отаны – оңтүстік Мексика, орталық Америка және оңтүстік Америка болып табылады. Бірақ қазір барлық тропикалық елдерде өсірілуде. Папайя негізінен азық ретінде қолданылады. Әдетте қабығы аршылып, дәндері тазаланып желінеді. Піспеген жемістерінен тамақ немесе арнайы салаттар әзірленеді. Жемісті отқа пісіргенде нанның иісі шығатындықтан оны “Астық ағашы” деп те атайды. Жемісінің құрамында глюкоза, фруктоза, органикалық қышқылдар, ақуыз, бета-каротин, С, В1, В2, В5, Д дәрумені, калий, кальций, фосфор, натрий, темір, хош иісті заттар бар. Жемісі мен жапырағы медицина дәрі-дәрмек жасауда қолданады. Құрамында пектин көп болғандықтан, желе жасауға да қолданылады.
Денсаулыққа пайдалары:
Жемісі ас қорытуға және асқазан жарасына өте пайдалы.
Тормбоз, гастрит ауруларын емдейді.
Күйгенді, сепкілді қайтарады.
Шырыны омыртқа ауруларына пайдалы.
Жемісі ішек құртынан арылуға көмектеседі.
Көздің көру қабілетін жақсартады.
Қанның құрамындағы холестериннің дәрежесін төмендетеді.
Температураны түсіреді.