Айва жемісінен жасалған шәрбат және компот іш өтуді тоқтатады.Жемісі жүрекке күш беріп тынышталдырады.Жүректегі жайсыздықты, қатты соғуын және ауыз иісін кетіреді. Шөлді басады. Ас қорытуды, асқазан және ішек жумыстарын жақсартады. Аш ішектегі қабынуларды жояды. Дененің жетілуіне көмектеседі.Тамырдың қатаюына, бауырдың әлсіздігіне өте пайдалы.Қан қысымын түсіріп, өт жолдарын қалпына келтіреді. Жапырақтарынан жасалған шәй жүрек ауруларына пайдалы. Гүлін балмен араластырылып желінсе, бас ауруына жақсы. Гүлін қайнатылып ішілсе, жүректің қатты соғуын қалпына келтіріп, жүректі қуаттандырады. Иісі жүрек пен миды қуаттандырады. Варикозға пайдалы. Шаршау және қажығандықты басады. Компоты ауыз жаралары мен өкпе ауруларына пайдалы. Ұйқы кезінде бөлінетін сілекейді тоқтатады. Жапырағы қайнатылған суға ауыз шайқалса, піскен жапырақтары ыстық күйінде тамаққа қойылса, тамақ ауруын және ісінуін қайтарады. Мұрын қанауын тоқтату үшін мұрынға айва суын тамызу керек. Қабығы немесе дәні қайнатылып ішілсе, зәр жолындағы қабынуларды кетіреді.Шырыны тәбетті ашады. Бүйрек және қуықтағы қабынуларды кетіреді.Тұмау, суық тигенге пайдалы. Шырыны денені терлетуде пайдалы.Көзге инфекция түскен жағдайда жапырағы қайнатылып, суымен күніне бірнеше рет жуу керек.Айва бетіндегі талшықтар қанаған жерге қойылса, қанауды тоқтады.
Кері әсерлері:
Іш қатумен ауыратындар және қан қысымы жоғары болғандар жемеу керек.
Күн көзінде піспей тұрып жемеу керек. Компот, желе түрінде, күн көзінде піскеннен кейін жеу керек.