Қарбыз

Жаз бойы бойымызды сергітіп, денсаулығымызға күш беретін өте дәмді де, шипалы дақылдың бірі – қарбыз.

 ҚАРБЫЗДЫҢ ПАЙДАЛАРЫ

Қан айналым жүйесін жақсартады.

Қарбыз суы қуық және зәр жолдарын жақсы тазартады.

Ағзаны шлактардан тазартады.

Бүйрек, бауырды тазалап, тас және құмдарды кетіреді.

Қарбыздың 92 пайызы судан тұратындықтан бүйректің жұмысын жақсартады.

Аз мөлшерде болса да құрамындағы ликопен жүрекке пайдалы.

Құрамында көп мөлшерде В, С дәрумендері және антиоксидант бар.

Құрамындағы калий мен бета каротин жүрек ауруына қарсы ем.

Қарбызға зімбір қосылып желінсе, қақырықты түсіреді.

Қарбыздың калория мөлшері өте аз.

Бірнеше тілімі бір күндік С витамині мөлшерін толтырады.

Қарбыз ағзадағы зиянды заттарды, шектерді және қан тамырларын тазалайды.

Сүйектің жетілуін жақсартады.

 Қалай қолданылады?

Мүмкіндік болса аш қарынға жеу керек.

Қарбыздың азық қоры қабығына жақын сақталғандықтан ақ бөлігінде жеуге тырысу керек.

Дәндерімен қоса жеген пайдалы болып табылады.