Алма (лат. malus) — раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Алманың отаны — Орталық Азия. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20 мен 100 жыл, ал бойы болса 3 пен 10 м аралығында өзгереді. Алма ағашының түріне қарай түсі қою түсті жасылдан қызғылт түске дейін өзгеретін жеміс болып табылады.
Мен алмамын алмамын
Балдай тәтті бар дәмім.
Алма қабығы:
Алманың құрамындағы ең маңызды С дәрумені қабығында және қабығының астында көп болады. Сондықтан жақсылап жуылған алманы қабығымен бірге жеу өте пайдалы.
Досым!
Күніне міндетті түрде 1 алма жеуді ұмытпа!
Әдетте алманың тіс тазалығын қамтамасыз ететін білесіз бе?...
Күніне бір алма... Бактерия мен әртүрлі вирустардан қорғану үшін күніне бір алма жеу қажет. Алма құрамында су, қант, қышқыл, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес» деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сондай-ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш, ең бастысы – көп мөлшерде темірбар. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бұлар адам ағзасына жеткілікті мөлшерде қабылданып тұрса, ауырмайтын болады. Балалардың ойлау қабілеттерін де жақсы дамытады.
Апорт деген алма бар
Алматы оның отаны
Ондай алма қайда бар?
Жерді жарған атағы.
Қазақстанда алманың «апорт», «сиверс», «недзвецкий», «салтанат», «қырғыз» алмасы секілді сорттары өседі. Дүние жүзінде 5 мыңнан аса түрлері бар. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады.
Әне,қызыл алмалар,
Әсем бақтың жұлдызы.
Алма терген балалар,
Албырайды нұр жүзі.