» Арзан көлік қолдан, бірақ ала алғаныңша ең әдемі үй ал!
»Жұбайыңды өте жақсы таңда! Өйткені бақытыңның немесе бақытсыздығыңның 90% осы таңдауыңа байланысты.
» Күніне ең аз 30 минут жаяу жүр!
» Әр тамақтанудан бұрын және кейін шүкір ет!
» Күніне 6 стакан су ішуді ұмытпа!
» Сені жақсы көретіндерге және мұқтаждарға қамқорлық жаса!
» Қалам және күнделігіңді үнемі жаныңда алып жүр!
» Уақытыңды және сөздеріңді бос нәрселерге жұмсама!
» Алғашқы көмек және денсаулық жөнінде ілімдерден хабардар бол!
» Көз алдыңда үнемі әдемі нәрселер болсын!
» Балаларыңды түсінуге тырыс, жазалауға емес!
» Жоғалтатын ешнәрсесі болмаған адамдардан қорқ!
» Жанұяңдағыларды сынға алғың (айыптағың) келгенде тіліңді тісте!
» Бір адамның құпиясын жариялаудан бұрын екі рет ойлан!
» Адамдардың жасаған жаман нәрселерін емес, келешекте жасайтындарын ойла!
» Өзіңе жасалуын қаламаған нәрсеңді басқаларға да жасама!