Американдық бай адам жұмыс сапарымен Мексиканың бір ауылына барыпты. Түс ауа серуендеп жүрсе іші балыққа толы кішкентай қайықтың ішінде отырған балықшыны көріпті. Қызықтап қасына барып сұрапты: Сәлеметсіз бе! Мына балықтарды ұстауға қанша уақытыңыз кетті? – депті. Балықшы: 1-2 сағат. Не үшін көп уақыт отырып, балық ауламайсыз? Отбасымды асырауға осы да жетеді. Уақытыңызды қалай өткізесіз? Азанда балыққа барамын, сосын балаларымды ойнатамын, түстен кейін бір мезгіл ұйықтап аламын. Кешке жолдастарыммен көңіл көтеремін. Қысқасы бос уақытым жоқ, сеньор,- дейді. Американдық: Мен Гарвард университетінде оқығанмын. Сізге жақсы бір кеңес берейін. Балық ұстауға көп уақыт бөліп, үлкен қайықпен жұмыс істесеңіз, түскен пайдадан басқа да қайықтар сатып ала аласыз. Сөйтіп қысқа уақыттың ішінде өзіңіздің флотыңыз болып, ұстаған балықтарыңызды үлкен мекемелерге сата аласыз. Тіпті өз фирмаңызды да аша аласыз. Әуелі ауылдан көшіп Мехико қаласына барсаңыз, одан көтеріліп Лос-Анджелеске, ең соңында холдингті кеңейту үшін Нью-Йорк қаласына орналаса аласыз,- дейді. Балықшы ойланып тұрып: Сеньор, бұлардың бәрін жасау үшін қанша жыл керек? 15-20 жыл. Одан кейін не істеймін?,- десе, адам күліп: Енді жақсылап тыңдап алыңыз! Уақыты келгенде фирмаңызды халыққа ашып беріп, үлесін жақсы ақшаға сатсаңыз, қысқа уақытта миллионер болып шыға келесіз. Сосын? Одан кейін зейнеткерлікке шығасыз. Көлдің жағасында тұратын боласыз. Қаласаңыз зауық үшін балық аулайсыз, балаларыңызды ойнатасыз, күннің астында демалып жатасыз, кешке достарыңызбен көңіл көтеретін боласыз. Қалай менің ұсынысым, керемет пе?