Пайғамбарымыз алейһиссалам былай деген:
«Мына үш нәрсені орындағандар барлық ісінде жетістікке жетеді, озат болады:
1) Істейтін барлық ісін Аллаһ разылығы үшін істесе,
(Адам, не Аллаһ разылығы үшін істейді, не нәпсінің қалаулары үшін, яғни адамдардың ризалығы үшін істейді. Адамдардың ризалығын Аллаһу та’аланың разылығына ауыстырғандарды Хақ та’ала адамдарға қалдырады. Бірақ адамдардың ризалығын емес, Аллаһу та’аланың разылығын таңдағандарды өз қамқорлығына алады.)
2) Бірлік пен ынтымақтың ішінде болса,
(Тату болу, көңілдерінің (жүректерінің) бірге болуы, мақсаттарының ортақ болуы.)
3) Туралықтан (дұрыстықтан) мүлдем айрылмаса.»
Демек, дұрыстықтан, адалдықтан айрылмай, бірлік пен ынтымақ ішінде өмір сүріп, барлық істерін Аллаһ разылығы үшін істейтіндер барлық жұмысында жетістікке жетеді, озат болады.
Ислам ғалымдары жетістіктің, табысты болудың жолын былай білдірген:
1) Күнәлардан сақтану, харам істемеу,
2) Аллаһу та’аланың құлдарына мейірімді болу, жақсылық жасау,
3) Сабыр ету,
4) Жылы жүзді болып, күлімдеп жүру.
Осы төрт бөлімді орындаған адамның сәтсіз болуы ойға да кенілмейтін нәрсе.